26 шілде 2016 21:54

Баян Есентаеваның қызы отбасы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/bayanessentaeva_ © Instagram.com/bayanessentaeva_

Продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек отбасы жайлы айтып берді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 


Продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек отбасы жайлы айтып берді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Барлығыңызға уайымдап, қолдап, ізгі тілек білдіргендеріңізге рақмет. Әрдайым үйлеріңізде махаббат пен бейбітшілік болсын. Менің осыған дейін үндемей, бір-біріне қарама-қайшы әрекетім мұнда көпшілігіңіз ойлағандай ішкі жағдайымды білдірмейді, бірақ қаралы күндерді де сезіне білу керек, сол қаралы түннен кейін жарқырап таңның ататынын ұмытпау керек. Біздің үйіміздің балалары, оның ішінде мен қамқорлық пен мейірімділікті көріп, отбасының қандай болуы керек екенін және үй ішінде ұрыс дегенді ешқашан естімей өскеніміз үшін  Құдайға алғысым шексіз. Жұрттан жасыратындай жамандығымыз болмады, мен жанұямды жақсы көремін, солай болып қалады да", - деп жазды ол.

Мұнымен бірге, Айсәуле адамдардан жеке өмірі туралы көп сұрақ қоятынына тоқталды. "Жасың 20-да болғанда бәрінен бұрын сезімге ерік бересің, бірақ оның әпсәтте сөнетін қасиеті бар. 20 жасыңда өмірге байсалды қарау ерте екен. Бүгін, ертең, бір ай бұрын, екі ай... Айсәуленің басы бос. Қажетсіз ойлардан, сынау мен сөгуден бос. Ерте ме, кеш пе, өмір есейтеді және есею ас әзірлей алатын тәжірибеңмен келе салатын дүние емес екен, ол төніп тұрған қалың бұлттың арасынан рауанын шашып күннің бәрібір де шығатынын түсінумен келеді. Бастысы жарқырап жүру. #icestories", - деп жазды Баян Есентаеваның қызы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети