16 сәуір 2015 08:04

Баян Есентаеваның шәкірті алғашқы жеке бейнебаянын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебаян кадры. ©Instagram/kamshat__zholdybayeva Бейнебаян кадры. ©Instagram/kamshat__zholdybayeva

Танымал продюсер Баян Есентаеваның КешYOU тобынан шығып, жеке өнер көрсетуді бастаған Кәмшат Жолдыбаева "Сүйіктім" атты әнге жаңа бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнебаянның түсірілімдері Гоада болды. Бейнебаян өте көңілді, әнші алғашқы қадамын үндінің сариін киіп, қазақша әнді үнді стилінде шырқады.

"Сүйіктім" бейнебаянының ресми таныстырылымы өткеннен кейін әнші Instagram желісіндегі парақшасында алғашқы қадамы жайлы пікір білдірді. "Мiне, рахмет айтатын сәт те келдi! Ең бiрiншi рахмет продюсерiм, ақылшым @bayanyessentayeva_official айтамын! Гоадагы демалысынан кейiн шабыттанып, менiң әнiмнiң стилiн де, кай жерде калай тусiрiлетiнiне бағыт-бағдар берген де Баян ханым! Осындай көшбасшыңмен онер жолында жолаушы болу мен ушiн улкен бақыт!", - деді әнші. Айта кетейік, бейнебаян екі күн ішінде 33 437 рет көрілді.

Еске сала кетейік, осыған дейін КешYou тобынан Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның кетіп жатқаны хабарланған болатын. Топтан кеткен орындаушы Кәмшат Жолдыбаева жеке карьерасын бастады. Мұнымен қатар, КешYou тобының жаңа құрамы да белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети