02 мамыр 2015 20:04

Бекхэмнің Instagram желісіндегі парақшасына бірнеше сағат ішінде 1,5 миллион адам жазылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

DavidBeckham аккаунтынан DavidBeckham аккаунтынан

Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэмнің Instagram желісіндегі аккаунтына бірнеше сағат ішінде 1,5 миллион адам жазылды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Бекхэм әлеуметтік желідегі парақшасын 2 мамыр күні 40 жасқа толуына орай ашты.


Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэмнің Instagram желісіндегі аккаунтына бірнеше сағат ішінде 1,5 миллион адам жазылды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Бекхэм әлеуметтік желідегі парақшасын 2 мамыр күні 40 жасқа толуына орай ашты.

DavidBeckham атты аккаунтына бұрынғы футболшы 5 сурет жүктеді. Ол жерден Бекхэмнің туған күнінде түсірілген фотосуреттерді көруге болады. Суреттерден футболшының туған-туыстары мен ұлы Бруклин Джозефті байқауға болады.

Еске сала кетейік, Дэвид Бекхэм "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", "Реал Мадрид", "Милан", "Лос-Анджелес Гэлакси" және "Пари Сен-Жермен" клубтарында өнер көрсетіп, Англия құрамасында алаң ойыншылары ішінде ең көп ойнаған спортшы болып рекорд орнатты. 2011 жылы ол әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды.

Бекхэм Spice Girls тобының бұрынғы солисі Викторияға үйленген. Ерлі-зайыптының үш ұлы: Бруклин Джозеф, Ромео Джеймс, Круз Дэвид және Харпер Севен есімді қызы бар. Сонымен қатар, экс-футболшы сән туралы түрлі журналдар мен жарнамаларға түседі. Оның киім және парфюмерия шығаратын желісі бар. 2012 жылдың басында ол H&M жастар брендімен келісімшартқа отырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети