12 мамыр 2017 16:02

Брэд Питт пен Анджелина Джоли татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gogetnews.info © gogetnews.info

Брэд Питт пен Анджелина Джоли татуласты. Бұл туралы Hollywood Life басылымы жазады. Жұлдызды жұп бір-біріне тағы бір мүмкіндік беріп, жиі хабарласып кездесіп тұрады екен. 


Брэд Питт пен Анджелина Джоли татуласты. Бұл туралы Hollywood Life басылымы жазады. Жұлдызды жұп бір-біріне тағы бір мүмкіндік беріп, жиі хабарласып кездесіп тұрады екен. 

"Олар аптасына бірнеше рет кездесіп тұрады. Осылайша олардың махаббаты қайта жанданған секілді. Олар бір-бірімен ашық түрде әңгімелесіп, барлығын қайтадан бастайтын сияқты", - дейді дереккөз. 

Брэд пен Анджелинаның таныстары олардың соңғы бірнеше айда бірге тұрмағанын білсе де жұлдызды жұптың бірін бірі әлі де қатты жақсы көретінін айтады. Джоли Лос-Анжелесте Питтің үйіне жақын жерден үй қарастырып жатыр екен. Бұл балаларды әкесінен ажыратпау үшін жасалған шара болса керек. 

Брэд Питт GQ журналына берген сұхбатында Анджелина Джолиді әлі де жақсы көретінін жеткізген. Ол өзін ажырасуға басты кінәлі санап, ішімдікке құмарлығы осындай жағдайға душар еткенін мойындаған. 

"Мен лоторей билетін ұтып алып, лақтырып жібергендей болдым", - деді ол. 

Бірінші күні, Анджелина балаларды алып кетіп қалғанда актерді достары қасында болып, демеген. Ол осы жағдайға қатты қайғырып, жалғыз қала алмаған. 

"Мен өзіміздің бос тұрған үйге қайтып орала алмадым, мен қатты қайғырдым. Сол себепті де мен алты апта бойы Санта-Моникадағы достарымның үйінде еденде ұйықтадым", - дейді Питт. 

Ажырасу туралы айтқан кезде, Питт қатты өкінетінін және Анджелина Джолиге қайтып оралғысы келетінін жеткізген. 

Анджелина осы сұхбатты оқып, сәл де болса көңілі жібіген болуы керек, ол барлығын қайтадан бастауға келіскен. Оған тағы бір себеп: Бред психотерапия курсына жазылып, спирттік ішімдіктен бас тартқан. Ол үлкен ұлдарымен татуласып, әрдайым көрісіп тұрады. 

"Бұл ажырасу маған үлкен сабақ болды: мен басқа адам болуды ұйғардым. Мен оларға өзгергенімді көрсетуім керек", - дейді Питт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети