10 қазан 2017 14:15

Димаш Құдайбергеннің "Қазпоштаны" жарнамалауға неліктен келіскені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық пошта операторы қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергенмен ықпалдастығы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпоштаның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық пошта операторы қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергенмен ықпалдастығы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпоштаның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Соңғы уақытта "Қазпошта" қызметін жиі пайдаланатын болдым, бүкіл әлем бойынша тыңдаушыларымнан хаттар мен сыйлықтар аламын. Біздің поштаның қызмет көрсету деңгейі мені қуантты. Оның үстіне "Қазпошта" әлеуметтік компания, ол еліміздің әр тарапындағы тұрғындарды біріктіріп, шалғайдағы ауыл адамдарына да пошталық және қаржылық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Компанияның әлеуметтік рөлі, заманауилығы мен технологиялығы маған өте жақын. Ары қарай дамып, гүлдене беруіне тілектеспін", - дейді Димаш Құдайберген. 


Сурет "Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметінен 

Мұның алдында Kazpost басқарма басшысы Сәкен Сәрсенов Facebook желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергеннің "Қазпоштаны" жарнамалаушы тұлға болғанын жазған. 

"Аз ғана уақытта Димаш керемет жетістіктерге жетті және музыка тарихына өз атын мәңгілікке жазды. Ол компаниямыздың басты идеясын - инновацияға, технологиялық пен жоғары сапалы қызметке ұмтылысымызды ашып көрсетеді. Қазпошта қазақстандықтарға өте жылдам уақытта ең сапалы қызметке қол жеткізе алу үшін жұмыс істейді. Димашпен ықпалдастығымыз табысты болатынына сенімдімін", - деп жазған болатын Серік Сәрсенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети