28 ақпан 2017 20:23

Дизайнер Жадо мен әнші Меруерт Түсіпбаева сотта татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дизайнер Жадо мен әнші Меруерт Түсіпбаева сотта татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар бір-бірінің үстінен берген арыздарын қайтарып алды.


Дизайнер Жадо мен әнші Меруерт Түсіпбаева сотта татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар бір-бірінің үстінен берген арыздарын қайтарып алды.

Бостандық аудандық сотында бүгін, 28 ақпанда өткен сот отырысында тараптар жеке айыптау арыздарын қайтарып алып, бір-біріне шағымының жоқтығын айтты.

"Арамызда жетінші процесс өтті. Кездесе алмадық. Ал бүгін, ол келіп, айтқысы келгенін айтты. (...) Ол "Егер Жадо "Ел аузында" бағдарламасында бірінші болып айтқаны үшін бірінші болып кешірім сұраса, мен де одан кешірім сұраймын" деді. Үш айдан бері әлеуметтік желілерде маған "Жадо, ақылдырақ бол" деген сөз көп айтылды. Халықтың өтініші бойынша "Мен "Ел аузында" бағдарламасында айтқаным үшін кешірім сұраймын" дедім", - дейді Жадо.

Ал Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, Жадоның кешірім сұрауы күтпеген жағдай болыпты.

"Ол менен бірінші болып кешірім сұрады, себебі менің адвокаттарым оның осал тұстарын тауып, қарсы шағым жазды. Мұның барлығы осы қарсы шағымнан болды деп ойлаймын. (...) Күтпеген жерден болды. Ем алғаннан кейін сотқа келдім. Жауап алынғаннан кейін соттан жіберуін сұрадым, себебі ауруханаға баруым керек болды. Бірақ судья келіспей, Жадоның сөзін тыңдатты. (...) Судья "Кешірім сұрауға ниетіңіз бар ма?" деп сұрады. Сосын ол "Иә, ниетім бар" деп жауап берді. Біз таңғалдық", - деп әңгімеледі Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы жанжал 2016 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Дизайнер әншінің Instagram желісіндегі парақшасында жазғанына ренжіп, сотқа арыз түсірген еді. Ол Меруерт Түсіпбаеваны жала жапты және арын қорлайтын сөздер айтты деп айыптап, 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен болатын. Кейін сотқа Түсіпбаеваның өзі келіп, дизайнердің үстінен қарсы шағым жазғанын мәлімдеген. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети