07 маусым 2015 19:03

Дженнифер Лопес түрмеге қамалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дженнифер Лопес. ©Independent.co.uk Дженнифер Лопес. ©Independent.co.uk

Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопес Мароккода түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды TMZ порталы.


Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопес Мароккода түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды TMZ порталы.

Әнші мен оның менеджерінің үстінен "қоғамдық тәртіпті бұзды, әйелдің намысын таптады және құрметсіздік көрсетті" деген шағым түсті. Марокконың қазіргі заңнамасына сәйкес, осындай оқиғаларға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған әншінің таяуда Мароккода берген концерті себеп болды. Ол 29 мамырда Рабат қаласындағы халықаралық фестивальге қатысқан. Әдеттегідей орындаушы сахнаға жартылай жалаңаш күйде шығады. Дженнифер Лопестің қатысуымен болған шоу ұлттық телевизиядан таратылады. Оның концертіне 160 мыңға таяу көрермен келіпті. Осыған дейін әнші Мароккода концерттер өткізіп тұрған, алайда олар жергілікті ұлттық арналардан таратылмай келген еді.

Daily Mail порталының мәліметінше, Марокко парламентінің мүшелері Дженнифер Лопестің концертінен кейін елдегі ақпарат министрінің отставкаға кетуін талап еткен. Үкіметтің баспасөз хатшысы Мұстафа әл Халфи орындаушының өнер көрсетуін "ұлт пен халықты орынсыз қорлау" деп атады. Алайда ақпарат министрі өз орынтағын босатуға асықпай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети