1. Басты
  2. Біл
  3. Шоу-бизнес

Eminem жаңазеландиялық шенеуніктерден 400 мың доллардан аса ақша өндіріп алды

© Reuters © Reuters

Жаңа Зеландияның Ұлттық партиясы 2014 жылғы сайлау қарсаңында жасаған ролигінде авторлық құқықты бұзғаны үшін америкалық рэпер Eminem-ге (шын есімі Маршалл Брюс Мэтерс) 600 мың жаңазеландиялық доллар (415 мың АҚШ доллары) төлеуге міндеттелді. Бұл туралы  соттың қаулысында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости

Өтемақыны Eight Mile Style компаниясы төлеп беруі тиіс.

Мұның алдында 2017 жылдың көктемінде Eminem Жаңа Зеландияның Ұлттық партиясын әндерін заңсыз қолданды деп, сотқа берген болатын. Заңсыз қолданылған әндердің ішінде Lose Yourself  туындысының үзіндісі қолданылған.