16 тамыз 2017 10:03

Есірткіні көп қолдандым, ислам өмірімді өзгертті - Jah Khalib

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/вДудь © youtube.com/вДудь

Белгілі ресейлік YouTube-блогер Юрий Дудь келесі қонағы ретінде қазақстандық рэп-музыкант Jah Khalib атымен танылған Бахтияр Мамедовты қабылдады. Бұл сұхбат вДудь арнасында 15 тамызда жарияланды. 


Белгілі ресейлік YouTube-блогер Юрий Дудь келесі қонағы ретінде қазақстандық рэп-музыкант Jah Khalib атымен танылған Бахтияр Мамедовты қабылдады. Бұл сұхбат вДудь арнасында 15 тамызда жарияланды. 

"Лейланы" (11 миллион қаралым), "Созвездие ангела" (18 миллион қаралым) әндерін жазды және ТМД елдері бойынша концерт берсе, зал лық толы болады", - деп видеоға түсіндірме жазыпты автор. 

Сұхбат кезінде Jah Khalib ең көңілді кешін есіне түсірді, Oxxxymiron және Скриптонитті салыстырды, қанша табыс табатынын және қалай ислам дінін қабылдап, есірткіге тәуелділіктен құтылғаны жайында баян етті. 

"Соңғы алты жылда ораза ұстаймын. Ислам менің өмірімді өзгертті. Бұрын есірткіні көп қолдандым. Бізде Қазақстанда шөпті көп шегеді. Жалқау, нашар жігіт едім. Ішімдік көп іштім, жастық шағым ойсыздықта өтті. Бір кездері ес кіре бастады, мен үшін мұндай жарамайтынын түсіндім. Мешітте отырған түстер кіре бастады. Мен негізі атеист болатынмын. Бірақ бір күні бәрі де өзгерді. Досыма қоңырау шалып, мені мешітке апарып тастауын сұрадым. Ол жерде бәрінің артынан қайталап тұрдым. Намаз аяқталғаннан кейін ертең Рамазан айы екенін білдім. Осыдан кейін ораза ұстайтын болдым". - дейді әнші. 

Әншінің сөзінше, ислам оны білім туралы ойлауға үйреткен. Қазір ол ауылдық жерлерге мектеп салу үшін ақша жиып жатқан көрінеді. "Ислам осындай ойларға жетелейді", - дейді рэпер. 

Бахтияр Мамедов 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Музыкатану және менеджмент факультетін тәмамдаған. 2017 жылдың маусымында Муз-ТВ арнасының "Жыл жаңалығы" жүлдесін иеленді. 

Назар салыңыз, бейәдеп сөздер бар!

Мұның алдында Юрий Дудь тағы бір қазақстандық рэпер Скриптониттен сұхбат алған болатын. 

Ал Юрий Дудь Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы спорт туралы өз ойын айтып, өзінің шоуы мен есірткі жайында сөз қозғаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети