05 қаңтар 2015 11:20

Жаңа жылды шетелде тойлап жатқан жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/aidakaumenova ©instagram.com/aidakaumenova

Қазақстандықтардың көпшілігі Жаңа жылға орай өздеріне демалыс жариялап, мерекені шетелде қарсы алды. Олардың дені Жаңа жылды жылы жақта қарсы алуды ұйғарған. 


Қазақстандықтардың көпшілігі Жаңа жылға орай өздеріне демалыс жариялап, мерекені шетелде қарсы алды. Олардың дені Жаңа жылды жылы жақта қарсы алуды ұйғарған. 

Baistars порталы жұлдыздардың 2015 жылдың алғашқы демалысын қалай және қай жерде өткізіп жатқаны туралы мәліметтерді ұсынып отыр.

Танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды отбасымен Таиландтың Пхукет қаласында демалып жатыр. Өзінің парақшасында Азамат Сатыбалды "Қайырлы күн, қазақ елі. Жаңа жылдың алғашқы күні құтты болсын. Жылы жақтан сағынышқа толы жалынды сәлем", - деп жазып, суреттерімен бөлісті. 

Тележүргізуші, журналист Айгүл Мүкей де Таиландтың Пхукет курортында демалып жатыр. Ол жеке парақшасында "Тамаша демалыс - керемет табиғат", - деп жазды.

Әнші Нұрлан Еспанов та Жаңа жылды отбасымен шетелде қарсы алып, қазір демалыс күндерін Филиппиннің астанасы Манила қаласында өткізіп жатыр. Парақшасында әнші отбасымен түскен және Кореядан келген достарымен өткізген қызықты сәттеріндегі суреттерімен бөлісті. Жаңа жылды да Кореядан келген достарымен қарсы алыпты.

Ал продюсер Баян Есентаева, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова, КТК телеарнасының жүргізушісі Мәдина Балғабаева, және журналист Гүлнұр Мамасарипова балаларымен бірге Үндістанның Гоа қаласына демалуға аттанды. Бұл жайында өздерінің Instagram желісіндегі парақшаларында суреттерімен бөлісіп, жариялады. "Қызықты ұжыммен демалуға кеттік", - деп жазды Мәдина Балғабаева.

Танымал дизайнер Аида Қауменова әріптес құрбыларымен және олардың балаларымен бірге Таиландтың Панган жағажайында демалысын өткізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети