Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Қапқарашка" 19 жастағы тыңдарманына үйленеді

29 Қаңтар 2015, 09:30
0
Нұржан Керменбаев. ©Yvision.kz
Нұржан Керменбаев. ©Yvision.kz

"Қапқарашка" атымен таныс қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев үйленетін болды. Әнші өз сүйіктісін қалай тапқаны жайлы КТК телеарнасының "Той бест стар" ток-шоуында айтты, - деп хабарлайды  "Экспресс-К"

Керменбаевтың айтуынша, оның болашақ жары қазақтың салт-дәстүрін біліп өскен қыз. Ол қалыңдығын Тараз қаласында өткен концертінде кездестіріп қалған, қыз әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдарманы болып шықты. Бұдан кейін бойжеткен "Қапқарашкамен" кездесіп, оның туған күніне сыйлық жасаған. Әнші Instagram желісіндегі өз суреттерін бұл қыздың белсенді түрде талқылайтынын байқап қалған.

Керменбаев болашақ жарын Алматы қаласына шақырып, анасымен таныстырды. Қалыңдық Нұржаннан алты жас кіші, бар болғаны 19 жаста. Жастардың тойы көктемге жоспарланды.

Нұржан Керменбаев 1989 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысының Жезді ауылында туған. 2006 жылы ол Superstar.kz-3 телевизиялық шоуына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдаған. Сол жылы әнші Қазақстанды Юрмаладағы "Новая волна" атты жас орындаушылардың халықаралық байқауында таныстырып, 14-орын алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай