15 қаңтар 2015 17:45

Қайрат Нұртас өз әнін орындаған Ескендір Хасанғалиевке алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vk.com ©vk.com

Әнші Қайрат Нұртас ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ескендір Хасанғалиев осыған дейін Қайрат Нұртастың "Ауырмайды жүрек" әнін отандық телеарналардың бірінде орындаған еді.


Әнші Қайрат Нұртас ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ескендір Хасанғалиев осыған дейін Қайрат Нұртастың "Ауырмайды жүрек" әнін отандық телеарналардың бірінде орындаған еді.

"Қазақ өнеріндегі шоқтығы биік саңлақ Ескендір ағамның менің репертуарымдағы әнді орындауы мен үшін үлкен мәртебе. Ескендір аға, мұны Сіздің асқан кішіпейілдігіңіз, кеңдігіңіз, көрегендігіңіз, артыңыздан ерген буынға жасаған қамқорлығыңыз деп білемін", - деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар, Қайрат Нұртас соңғы уақытта өз тарапына сын айтқандар жайлы да пікірін жеткізді. Оның пікірінше, Хасанғалиевтің "Ауырмайды жүрек" әнін айтуы әншіге шабыт сыйлаған. "Кей жандардың еңсеңді түсіргісі келетін сындарынан кейін Сіздің әрекетіңіз қанат бітіріп, шабыт сыйлады. Алла разы болсын Сізге!", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық басылымдардың біріне берген сұхбатында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты "біркүндік жұлдыздардың" толып кеткенін айтқан еді. Бұдан кейін Қайрат Нұртас Төлегенованың сынына жауап берді. "Білесіз бе, ол кісінің мені танитынының өзіне қуаныштымын. Әркімнің өз пікірі бар. Неше түрлі жағдай болады. Мен оның сөздеріне өкпелемеймін. Керісінше, ол кісіні анамдай көремін. Оны шексіз құрметтеймін", - деді ол "Сіз Бибігүл Төлегенованың сынына қалай қарадыңыз?" деген сауалға.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети