28 сәуір 2015 18:39

Қазақ эстрадасындағы ең үздік 12 дауыс анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© baistars.kz © baistars.kz

Вaistars.kz бүгінгі отандық эстрададағы әншілер арасында ең үздік дауыс иелерiнiң тізімін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вaistars.kz бүгінгі отандық эстрададағы әншілер арасында ең үздік дауыс иелерiнiң тізімін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талантымен топ жарып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген бұл тізімдегі әншілердің барлығы мықты. Бір-бірінен қалыспайды. Осы орайда біз оқырман арасында сауалнама жүргізу арқылы әншілерге әділ орын берсек дейміз. Оқырмандардың таңдауы дауыс беру нәтижесіне сай анықталса, арнайы мамандардан құралған кеңес өз шешімдерін шығарады", - делінген жарияланымда.

Ерген Айтымбетов - эстрададағы ерекше дауыс иелерінің бірегейі. Оны сахнадағы әріптестері жақсы біледі және мойындайды. Ұлықпан Жолдасовтың жетекшілігінде болған "Заман" тобының әншісі. "Саз әлемі" музыка байқауында "Жыл жаңалығы" аталымын, сонымен қатар, продюсер Баян Есентаеваның 10 мың доллар сыйлығын жеңіп алған.

Жанар Дұғалова - Бабы болса таланттың тасада қалмайтынын Жанар дәлелдеп келеді. 16 жасында республикалық "Жас қанат" байқауында бас жүлдеге ие болған. Мәскеуде білім алған ол, қазір Shine продакшн орталығының әншісі. Бұрын "КешYou" тобында өнер көрсетті. Оған қоса 2014 жылы Turkvision ән байқауында бас жүлдені қанжығалады.

Маржан Арапбаева - Ерекше вокал иесі. Бірнеше республикалық және халықаралық байқаудың жүлдегері. Қазақ эстрадасында беделі жоғары, талантты әнші қыздардың бірі.

Жігер Ауыпбаев - "Меломен" тобының әншісі. Топпен қатар жеке шығармашылығын қатар алып жүрген орындаушы. 

Бауыржан Ретбаев - "Қазақстан дауысы" жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы. "Дауыс KZ" тобының мүшесі. 

Алтынай Жорабаева - Бірнеше тілде еркін ән салатын бірегей әнші. ҚР еңбегі сіңген қайраткер, "Дарын" сыйлығының лауреаты. 

Гауһар Қаспақова - Қазақ эстрадасындағы диапазоны кең әншілердің бірі. Өнер иесі көптеген байқауларда дипломант, лауреат атанған.

Мөлдір Әуелбекова - "КешYou" тобының экс солисті. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымен және продюсерлікпен айналысады. Өнер жолын Super Star KZ тележобасынан бастаған. 

Рүстем Нұржігіт - KZ тобында өнер көрсеткен. Орындаушылық шеберлігінің күштілігін ән орындау мәнерінен аңғаруға болады. Бүгінде жеке ән салып, қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Ерден Жақсыбеков - Өнер әлеміне жеке орындаушылықпен келген әнші. Бала күнінде бірнеше халықаралық байқаудың бас жүлдесін иемденген. 2014 жылы Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі "V-Alem” тобына қабылданды.

Мақпал Исабекова - Super Star KZ жобасынан бастап халық жадында жақсы сақталған орындаушы. "Новая Волна" байқауында примадонна Алла Пугачеваның арнайы сыйлығына ие болып, ТМД елдері арасында көрермен көзайымы атанды.

Санда - Қазақстандық "Х Фактор" жобасында топ жарған қатысушы. Қазіргі таңда продюсер Эрик Тастембековтің жетекшілігінде.

Суреттер baistars.kz сайтынан алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети