"Қазақстан Дауысы" жеңімпазы иеленген жүлдесіне үй сатып алғысы келеді

23 Ақпан 2015, 13:28
0
"Қазақстан Дауысы" жеңімпазы иеленген жүлдесіне үй сатып алғысы келеді - Бауыржан Ретбаев. ©Vk.com
Бауыржан Ретбаев. ©Vk.com

"Қазақстан Дауысы" жобасының екінші маусымының жеңімпазы атанған Бауыржан Ретбаев 5 миллион теңгеге үй сатып алғысы келеді. Бұл туралы орындаушы Baistars.kz ресурсына берген сұхбатында айтты. 

"Осыған дейін шығармашылығыма жұмсаймын ба деп ойлап едім. Бірақ қазір ойланып жүрмін. Үстіне қаражат қосып үй алғым да келеді. Алматы немесе Астана қаласынан. Оны алдағы уақытта көрерміз", - деді әнші. 

Сонымен қатар, әнші алдағы жоспары жайлы айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол жаңа әндер жазып жатыр. "Он-жиырма өлеңді альбомға дайындау үстіндеміз. Қазірше екі өлең бар. Біреуі - "Аққанат айдай періштем" деген лирикалық ән. Екіншісі - "Ақмаңдай" қазіргі жастардың стиліндегі клуб әуендерінің қатарына жатады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысынан келген Бауыржан Ретбаев "Қазақстан Дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы атанған болатын. Оның тәлімгері Алмас Кішкенбаев болды. Жобаның гранд-финалында басты сыйлық - бес миллион теңге мен дыбыс жазушы компаниямен жасалатын келісімшарт үшін төрт сайыскер бақ сынады. Олардың өнер көрсетуінен соң SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша бір-бір сайыскер шығып қалып отырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай