16 қаңтар 2016 18:33

Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы оқиғалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Коллаж

Кез келген адам өз ортасына сыйлы, беделді болуды қалайды. Ал танымал адам үшін атақ-абырой екі есе маңызды. Олардың сұраныста болуы, табысты болуы атақ-абыройларына тікелей байланысты. Дегенмен қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында да даулы оқиғаға тап болғандар аз емес. Comode басылымы осындай оқиғаларды тізіпті.


Кез келген адам өз ортасына сыйлы, беделді болуды қалайды. Ал танымал адам үшін атақ-абырой екі есе маңызды. Олардың сұраныста болуы, табысты болуы атақ-абыройларына тікелей байланысты. Дегенмен қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында да даулы оқиғаға тап болғандар аз емес. Comode басылымы осындай оқиғаларды тізіпті.

Қайрат Түнтеков жасаған жасаған көлік апаты

Отандық шоу-бизнестегі ең даулы жұлдыздар жайлы әңгіме қозғалғанда бәрі бірінші кезекте Қайрат Түнтековті еске алады. Бұл бекер де емес, себебі әншінің қатысуымен болған көлік апаты жұртты дүрліктірген болатын. Қайраттың әріптестері жәбірленген тарапқа өтемақы төлеп беру мақсатында қаражат жинауды да ұйымдастырды. Алайда Қайрат өтемақыны өзі төлейтінін айтып, ақшадан бас тартты. Дегенмен 2015 жылы шілдеде Қайрат өтемақы төлеу жөнінде соттың қаулысын орындамағаны үшін іздеуге түскені жария болды.

Еске сала кетейік, 2012 жылы желтоқсанда Superstar.kz шоуының жеңімпазы Қайрат Түнтеков Toyota Camry автомобилінің тізгінінде Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысып қалады. Нәтижесінде жол талғамайтын көліктің иесі Назира Есеманова көлігінің қатты зақымданғанын айтып, әншінің үстінен полицияға шағым түсірген болатын.

Қайрат Нұртастың видеосы

Тағы бір Қайрат, бірақ бұл жолы Нұртас, желіге тараған видеоның кесірінен өз абыройына дақ түсірді. Видеода Қайрат пышақ сермеп, боқауыз сөз айтады. Видео желіге әншінің танымалдылығы дүркіреп тұрған кезінде жүктелді. Тіпті отандық ток-шоулардың бірінде осы видео жұртшылықтың талқысына да түсті. Қонақтардың бірі жастық шақта әркім ішімдік ішіп, қателеседі деп әншіні ақтап алғысы да келді.

Алайда халық бәрібір Қайратты жақсы көреді, сол себепті Алматыдағы "Прайм Плаза" сауда орталығында болған жанжалды да көпшілік әншіге ән айтуға мүмкіндік бермеген жанкүйерлерге "жаба салды".

Продюсерлер тартысы

Жұлдызды дау "Ринго" тобының продюсері Алуа Қонарованың сұхбатынан кейін туындады. Продюсер Жанар Доғалованың Turkvizyon байқауындағы жеңісі жайлы ұнамсыз пікір білдірді. Әлбетте, әріптесінің пікірін Баян Есентаева жағымсыз қабылдап, өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ашық жазды.

Өз кезегінде, Алуа Қонарова да шет қалмай, Баянға жауап жазды. Онда ол мұндай сұрақтарды әлеуметтік желі арқылы емес, телефонмен шешуге де болатынын тигізіп айтты. Содан бері ең табысты продюсерлердің арасы біраз суып кетті.

Мөлдір Әуелбекова жасырған сыр

Көпшіліктің сүйіктісі Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерімен дүрдараз қарым-қатынаста екені бәріне мәлім. Сұхбаттарда, әлеуметтік желілердегі парақшаларында екеуі бір-бірі жайлы астарлы пікірлер айтып келеді. Қатал продюсер Баян Мақсатқызының мінезін ескеріп, көпшілік талдырмаш, ибалы қыз Мөлдірді жақтады.

Алайда Мөлдірдің бейкүнә бейнесі өткен жылдың желтоқсан айында бұзылды. Әншінің экс-продюсері Баян Мөлдірдің "Менің жауларым бар екенін білемін" деген тақырыптағы сұхбатын жариялады.

Мөлдірдің жанкүйерлерін Баянның тұспалдап, әншінің расында даулы бір мәселені жасырып жүргені жайлы айтқан пікірі дүрліктірді. "Сұрақ көп, ал жауап біреу-ақ, Мөлдір болса бұл қызық сұрақтың жауабын жақсы біледі! Бәлкім өзің жауап берерсің? Әйтпесе бұл кінәмшіл сұраққа өзім жауап беруіме тура келеді. Кез келген батыл мәлімдемені дәлелімен мәлімдеу керек!" - деп жазды продюсер.

Спортшы мен тілшіге қарсы шыққан Бейбіт Қорған

2010 жылы қоян-қолтық ұрыс спорт шеберлігіне үміткер Айдар Даутов оны қазақстандық танымал әнші Бейбіт Қорғанның ұрып кеткендігі жайлы мәлімдеді. Айдардың айтуынша, жанжал Атырау-Алматы бағытындағы ұшақ бортындағы сөзталастан басталып, қонғаннан кейінгі жаппай төбелеспен аяқталған.

Спортшы оған бірнеше жігіттің тап бергенін, оның ішінде танымал әншінің де болғанын айтты. Мәлімдеме жасаған күні-ақ жәбірленген спортшы мен "даулы" әнші жайлы сюжетті еліміздің барлық телеарнасы көрсетті.

Бейбіт болса, шын мәнінде бәрі керісінше болғанын және спортшы осылайша әншінің атақ-абыройына дақ түсірмек екенін айтты. Жанкүйерлер әншіге сенгені сол-ақ еді, көп ұзамай Бейбіттің қатысуымен тағы бір жанжалдың беті ашылды. Бұл жолы әншіге тілші Айнұр Сапарова шағым түсірді. Тілшінің айтуынша, әнші жұлдыз ауруы туралы әдепсіз сұрағы үшін оны ұрып, грим жасайтын бөлмеге қамап қойған.

Сон Паскальдың итальян шытырмандары

Италиядан келген әнші Сон Паскаль көпшіліктің назарын бірден өзіне аударды. Өзгеше стиль, ерекше әндерімен қатар әнші даулы қылықтарымен де жұртты таңғалдырды.

"Наша правда" ток-шоуына қонақ болып келген Сон Паскаль көптің көңілін өзіне аудартып, қырсық мінезін көрсетті. Студияда отырған Баян Есентаева оған ескерту жасаған сәтте әнші ашуға ерік беріп, өзін жұлдызбын деп жар салды. Қысқа сөзталастан кейін ток-шоу жүргізушісі Алексей Шахматов Паскальды студиядан шығарып жіберуге мәжбүр болды.

Тісі қышыған Жадыра Құтпанова

"Дауыс International" тобының экс-мүшесі Жадыра Құтпанова 2012 жылы теріс қылық көрсетті. Әнші ішімдікке мас күйінде көлікті басқарған жерінен ұсталды. Әнші құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп, тіпті біреуін тістеп алған. Әншінің әріптестері құрбысын ақтап алуға тырысып, даулы видеоны таратпауды өтінді.

Аңқау Әсел Сәдуақасова

"Дауыс International" тобының тағы бір мүшесі Әсел Сәдуақасова да даулы оқиғалардың ортасында жүретіндердің қатарында. Бір жылдары WhatsApp мессенджері арқылы Әсел Сәдуақасоваға ұқсас қыздың жалаңаш суреті тарады. Суреттегі қыздың Әсел Сәдуақасоваға қатты ұқсайтындығы жайлы талқыламаған жұрт қалмады. Әнші бастапқыда суретті таратушыларды сотқа беруге ниеттенді, алайда бұл ойынан қайтып, әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасаумен ғана шектелді. Әнші суреттегі қыздың басқа біреу екенін ғана айтты.

Бұл оқиғамен қатар, Әсел Сәдуақасова анасы екеуі жігітінің құрбаны болғаны мәлім. Әншінің бұрынғы жігіті қыздың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен өз иелігіне екі пәтерін жазғызып, жоғалып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети