02 қараша 2015 18:09

Қазақстандық әншілер Украинаның Х-Factor шоуынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айжан Сұлтан мен Айбөпе Қарашева Айжан Сұлтан мен Айбөпе Қарашева

Украинаның Х-Factor шоуының алтыншы маусымында Қазақстанның екі жас әншісі өнер көрсетті - Айжан Сұлтан мен Айбөпе Қарашева (Aiboo), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі әнші де жобада жақсы өнер көрсетті, алайда екеуі де шоудан шығып қалды. 


Украинаның Х-Factor шоуының алтыншы маусымында Қазақстанның екі жас әншісі өнер көрсетті - Айжан Сұлтан мен Айбөпе Қарашева (Aiboo), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі әнші де жобада жақсы өнер көрсетті, алайда екеуі де шоудан шығып қалды. 

Айжан Сұлтанова әділ қазылар алқасының есінде мейірімділігімен және нәзіктігімен сақталды. Көрермендер оны ашықтығы мен дауысының ащылығының арқасында ұнатты. Оның сахнада жүргеніне аз болған жоқ. Ол Қазақстанда белгілі хиттердің кавер-нұсқаларын әлеуметтік желілердегі өз парақшасына салу арқылы танылды. Тыңдармандары оны Дюймовочка деп атайды. Қазір қыздың жасы 21-де.

"Мен финалға өте алмадым, сонда да қамықпаймын, себебі өмірінде бірінші рет осындай жобаға келіп тұрған адам үшін бұл - жеңіс. Бұл жобаға қатысып, осынша ұзаққа барып, мені осыншалық қатты ұнатады деп ойлаған жоқпын. Қолдауларыңыз, сенімдеріңіз бен махаббаттарыңыз үшін көп рақмет. Шын жүректен алғыс айтамын. Бұл зор әрі ұзақ жолдың бастауы, мен оны нақты білемін. Алда талай қызық бар. Менің тәлімгерім Нино Катамадзеге жылуы мен ақылы үшін рақмет", - деді әнші қыз.

Қазақстандық екінші орындаушы - "Индиго" тобының бұрынғы әншісі Айбөпе Қарашева, ол Aiboo деген лақап атпен өнер көрсетті. Оның әрбір номері ерекше болды, ол бір жанрда ғана өнер көрсеткен жоқ, жаңа кейіпте эксперименттер жасады. Соңғы номерінде ол Боб Марлидің композициясын регги стилінде орындады.

"Мен өзімді түрлі жанрда, түрлі стильде көрсеткім келді, бірақ, өкінішке қарай, әділ қазылар алқасын таңғалдыра алмадым. Мен тікелей эфирлерге өтпедім, бірақ аяғына жетуге аз қалған еді. Айтайын дегенім, мен "Х-факторда" шын мәнінде қандай болсам, сондай болдым - кейде эмоционалды, дөрекі, үрейлі, біреуді ренжіткен болсам, өкпелемеуді сұраймын. Тәжірибе үшін рақмет", - деді Айбөпе.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети