03 қыркүйек 2015 11:40

Қазақстандық әншілердің мектепте оқу үлгерімі қандай болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akak.ru © akak.ru

Қазақстан шоу-бизнесінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне мектепте оқу үлгерімдерінің қандай болғанын және қандай пәндерді сүйіп оқығандарын әңгімелеп берді. Танымал әншілеріміздің дені балалық шақтарын естеріне түсіріп, ұстаздарына деген алғыстары мен сағыныштарын жеткізді.


Қазақстан шоу-бизнесінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне мектепте оқу үлгерімдерінің қандай болғанын және қандай пәндерді сүйіп оқығандарын әңгімелеп берді. Танымал әншілеріміздің дені балалық шақтарын естеріне түсіріп, ұстаздарына деген алғыстары мен сағыныштарын жеткізді.

Мақсат Базарбаев француз тілі пәнінде озат болған.

© xmusic.kz

"Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және француз тілі пәнінде озат болдым. Сонымен қатар, әрине ән сабағынан да жетістігім зор еді. Бірақ математика, физика пәндерінде үлгерімім жақсы бола қойған жоқ. Жалпы, мектептегі оқу үлгерімім орташа деңгейде болды деуге болады. Төрт, үш, үш жарым", - деп күлді әнші.

"Мектепте сүйіп оқыған пәндерімнің септігі кейінгі өмірде зор болды. Ән сабағын айтпаған күннің өзінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы үлгерімім Өнер академиясындағы оқуымда көп көмегін тигізді. Шығарма жазу кезінде көрсеткіштерім тамаша болды. Ал француз тілі пәнін сүйіп оқығаныммен өмірлік қолданысқа пайдаланбадым, сондықтан дәл қазір ұмытып қалдым", - деді ол.

Меруерт Түсіпбаева орыс тілінде шығарма жазудың шебері болыпты.

Фото әншінің Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды

© facebook.com

"Мектепте математика пәнінен жақсы болдым деп мақтана алмаймын, есесіне орыс тілі мен орыс тілі әдебиетінен өте мықты едім. Мектепте де, колледжде де менің жазған шығармаларымды мұғалімдер оқушыларға оқып беретін. Қазір сол шығармалардың сақталмағаны үшін қатты өкінемін. Ол кезде қазіргідей олимпиадалар жиі болмайтын, сондықтан менің шығармаларымды әдебиет пәнінің кабинетіне немесе мектеп дәлізіне іліп қоятын. Әлі күнге дейін сол ұстаздарыма разымын, әнші болмағанымда, орыс тілі мен орыс тілі әдебиетінің мұғалімі болар едім. Оны әлеуметтік желідегі жазбаларымнан да байқауға болады. Бір күні продюсер Динара Адам жазбаларымды оқып, "сенде осындай білім бар деп ойламаппын" деп, қоңырау шалды. Тіпті сол жазбаларды жинақтасам бір кітап шығаруға болады. Дегенмен математика, геометрия, физика пәндерінен жақсы болдым деп айта алмаймын, көп ақша тапсам кейде санай алмай да қаламын. Бірақ мектепті кілең бестікпен тәмамдамағанмен, өте белсенді оқушы болдым. Менсіз концерт, мәдени шаралар өтпейтін", - дейді әнші.

Медеу Арынбаев сегізінші сыныпқа дейін озаттар қатарында болған.

© kk.wikipedia.org

"Мектептегі оқу үлгерімім сегізінші сыныпқа дейін өте жақсы болды, үздіктер қатарында едім. Жалпы, мектепті төрт пен беске бітірдім. Бірақ жетінші сыныптан бастап музыканттар әуенге қарай бейімдеп, математика, физика, химия пәндері аздап кейінге қала берді. Бірақ гуманитарлық пәндердегі үлгерімім төмендеген жоқ. Әсіресе қазақ тілі, әдебиет, тарих және орыс тілі пәндерін сүйіп, қызығып оқыдым. Әрине, мектеп қабырғасында оқытылатын пәндердің барлығын жақсы оқып, білу қажет, дегенмен, менің ойымша қазақ тілі, қазақ тілі әдебиеті және тарих сынды пәндердің орны ерекше. Себебі олардың мектептен кейінгі үлкен өмірде септігі де көп, алдыңнан шығып, кез болатын сәттері де жетерлік. Ал жалпы, әнші ретінде мектептегі музыка пәніне деген қызығушылығым мен оқу үлгерімім жайында айтудың өзі қажет емес шығар", - деп күлді Арынбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети