14 шілде 2015 09:16

Қазақстандық жұлдыздар жазда қайда демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстандық жұлдыздар жазда қай елдерге барып, демалып жүр? Tengrinews.kz тілшісі отандық өнер жұлдыздарының әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасап көрді.


Қазақстандық жұлдыздар жазда қай елдерге барып, демалып жүр? Tengrinews.kz тілшісі отандық өнер жұлдыздарының әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасап көрді.

Продюсер Алтынбек Рахметов Анталияда демалып жатыр. 

©altynbekrakhmetov

Оның өнердегі шәкірттері Серік Ибрагимов пен Ардақ Әлекешев те желідегі парақшаларында Түркиядағы демалыс сәттерін бөлісті.

©ibragimovserik

Ал елге белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман Қатон-Қарағайдан сәлем жолдады. Осыған қарағанда өнерпаз шетелде емес, ауылдық жерде демалғанды ұнатады. "Ассалаумағалейкүм, Қазақ Елi, Қатон-Қарағайдан сәлем, бүгiнгi ғажап түн, Қадыр түнi тiлеген дұга-тiлектерiмiз қабыл болсын, мейiрiмдi Алла бiлiп-бiлмей iстеген күнәларымызды кешiрсiн, екi дүниенiң абыройын нәсiп етсiн баршамызға!!! Елiмiз, жерiмiз аман болып, көк Байрағымыз биiктен желбiрей берсiн!!! Ынтымақ, бiрлiк, ырыс-құт нәсiп етсiн!!!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

©kydyrali_bolman

Ал таяуда жары Аишамен бірге "Астана Жұлдызы" музыкалық конкурсында "Үздік бейнабаян" аталымы бойынша жеңіске жеткен Беркут болса Түркияның Regnum Carya Golf & SPA Resort курорттық спа-қонақүйінде демалып жатыр. 

©berkut_kazakhstan

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева да жазда Түркияда демалуды жоспарлаған екен. Желідегі парақшасында өнерпаздың Түркияның Анталиясында түскен суреті жария болды. 

©aidyn_nury

Ал "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева сүйіп қосылған жарымен бірге таяуда Түркияға аттанды. Бұл жайында ол желіде өзі хабарлап отыр. "Достар, қайырлы таң! Ал біз Түркияға демалысқа ұшқалы жатырмыз", - деп жазды әнші. Айта кетейік, осы жарияланымнан кейін оның оқырмандары арудың жүкті екенін айтып, қуаныштарын жасыра алмады. 

©aidayissaeva

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан да жаздағы демалысын Түркияның Анталия қаласында өткізіп жатыр екен. 

©dinarasatzhan

МузАрт тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те Түркияда отбасымен бірге демалып жатыр. 

©kenzhebekmuzart

Ал Таяуда ғана отау құрған танымал пародис Олжас Сыдықбек жарымен бірге шетелге емес, Шалкөде жайлауында демалуды ұйғарыпты.

©arai_ly_m

КешYou тобының бұрынғы солисі, әнші Кәмшат Жолдыбаева да отандық туризмді қолдауды ұйғарыпты. Алайда әншінің бұл суретінің қашан түсірілгені белгісіз, ол Balaturkvizyon музыкалық конкурсына қатысушы Сағынғалиева Аружан есімді қыздың жанкүйері екенін айтып, қолдау білдірді.

©kamshat__zholdybayeva

"Алдавай" тобының солисі Шоқан Маратұлы болса Түркияның Памуккалесінде демалып келді. 

©alldavay

©alldavay

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети