24 желтоқсан 2014 10:44

Қазақтың қой жылы туған жұлдыздары

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен. "Алаш айнасы" қой жылы туған атақты адамдардың тізімін жасады.


Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен. "Алаш айнасы" қой жылы туған атақты адамдардың тізімін жасады.

©adyrna.kz

Рамазан Стамғазиев - әнші, ол 1967 Алматы облысы Райымбек ауданы Көкпияз ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Стамғазиев өнерге бала кезінен құштар болған. 1989 жылы Алматы эстрада-цирк училищесін (Қайрат Байбосынов класы бойынша) бітірген. 1989 жылдан "Қазақконцерт" бірлестігі құрамында өнер көрсетіп жүр. 1994-1998 жылдар аралығында эстрада-цирк училищесінде, 1999 жылдан Алматы казіргі Қазақ ұлттық консерваториясында педагогика жұмысымен шұғылданады. Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы. Стамғазиевтің орындауындағы "Сары бидай", "Дариға дәурен", "Ойламаңдар, жігіттер" секілді әндер халықтың ерекше сүйіп тыңдайтын туындысына айналған. Рамазан Стамғазиевтің жұбайы Ұлту Қабаева да - белгілі әнші.

©yvision.kz

Медеу Арынбаев - белгілі әнші, ол 1967 жылдың 5 наурызында Сарыағаш ауданы, Дарбаза бекетінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, әскери борышын өтеп келгеннен кейін еңбек жолын Сарыағаш аудандық автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1988 жылы Ташкенттегі эстрада-цирк студиясына оқуға түседі. Оқып жүріп Қырғызстанда өткен "Ыстықкөл-89" Орта Азия халықаралық байқауына қатысып, дипломант атанды. 1990-1995 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетінің музыкалық-педагогикалық факультетінде оқыды. 1992 жылы республикалық "Жас қанат" байқауының жеңімпазы болды. Келесі жылы Молдовада өткен "Мелодия прута" халықаралық әншілер байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 1994 жылы Халықаралық "Азия дауысы" байқауында дипломант, ал одан кейін Түркияның Помукалья қаласында өткен байқауда лауреат атанды. 1997 жылы "АБК" әншілер тобының жетекшісі болды. Оның репертуарында Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні", Шәмші Қалдаяқовтың "Бақыт құшағында", "Ақ бантик", Үкілі Ыбырайдың "Гәкку", халық әні "Назқоңыр" және өз туындылары бар. 2002 жылы Республика сарайында алғашқы есеп беру концертін сәтті өткізіп, жыл қорытындысында "Алтын Адам" жүлдесін алды. Арынбаев әнші ғана емес, қамқор әке, осыдан бірнеше жыл бұрын жан жарынан айырылған әнші екі баласын өзі тәрбиелеп отыр.

©massaget.kz

Берік Айтжанов - театр және кино актері. Ол 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Берік Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген соң Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына қызметке келеді. 2009 жылға дейін Берік "Час волка", "Мұстафа Шоқай" және "Махамбет" картиналарында дебют роль ойнады. Алайда оны көрермен теар актері ретінде жақсы білетін. Біршама уақыттан кейін Берік экранға Ақан Сатаевтың "Ағайындылар" сериалы арқылы шығып, кинода да өзінің мықты актер екенін дәлелдеді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. 2011 жыл Айтжановтың мансабында үлкен сәттілік әкелді. Ол Егор Кончаловскийдің "А"-ға оралу" және Сатаевтың "Ликвидатор" киносында ойнады. Сондай-ақ, ол Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" фильмінде Әбілқайырдың ролінде ойнаса, былтыр "Тракторшының махаббаты" сериялында Жасұлан атты кейіпкердің кейпіне енді.

©kazmusic.kz

Бейбіт Сейдуәлиева - әнші, ол 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Бірлесу - Еңбек ауылында дүниеге келген. Бейбіт Тараз қаласындағы Дулати атындағы мемлекеттік университетті бітірген. Әнші - "Жамбыл жұлдыздары", "Жаңа ғасырға жаңа ән", "Жас қанат", "Алтын Самұрық" байқауларының лауреаты. Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқаудың дипломаты. Бейбіт Сейдуәлиева - белгілі әнші Тоқтар Серіковтің жұбайы. Ол - сүйікті жар, ибалы келін, аяулы ана.

©1tv.kz

Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық танымал актер, Көңілді тапқырлар клубының жарқын жұлдызы. Ол 1979 жылдың 10 қазанында Орал қаласында дүниеге келген. Тұрсынбек алғаш рет үлкен сахнада КТК (КВН) арқылы танылды, "Аграрка сарбаздары" командасының жетекшісі болды. Республикалық "Тазша бала", халықаралық "Шабыт" байқауының жеңімпазы, Қазақстанның бұрынғы "Астана.kz", қазіргі "Қазақтар" құрама командасының белді ойыншысы болған. Бүгінде Тұрсынбек "Әзіл әлемі" - көңілді тапқырлар театрының жетекшісі. Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие асаба. Қарапайым халық арасындағы әзілдер арқылы жұртты қыран-топан күлдіретін Тұрсынбек пен оның жұбайы Мөлдір екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр.

©yvision.kz

Нұрлан Қоянбаев - КТК (КВН) жұлдызы, шоумен, продюсер, тележүргізуші. Ол 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. Нұрлан - 2003 жылдың үздік ойыншысы. Нұрлан Қоянбаев өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен актерлығының арқасында телеарналарда бірнеше жобалар жасап, әзіл-сықақ бағдарламаларды жүргізді. Бүгінде Нұрлан отандық және шетелдік өнер жұлдыздары, "Қазақстан" ұлттық арнасындағы белгілі тұлғалар қатысатын "Түнгі студия" бағдарламасын жүргізеді.

©comode.kz

Мәдина Сәдуақасова - әнші, ол 1979 жылдың 8 қыркүйегінде дүниеге келген. 1992 жылы он үш жасар қыз "Әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы - "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда бас жүлдені иеленіп, жүлдегер атанады. 1999 жылы Мәдина "Жас Қанат" байқауында сәтті өнер көрсетті, одан кейін "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "Жыл адамы" деп танылды. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды. 2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті. Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш әнжинағы жарық көрді. Биыл Мәдина Олжас атты сері жігіттің жары атанды, жақында ұлды болды.

©xmusic.kz

Ернар Айдар - әнші, ол 1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Өткен жылдары хит болған "Жарығым-ай" әні арқылы Ернардың танымалдығы артты. Өнерге келгеніне көп болмаса да Ернар өзінің жеке концертін де беріп үлгерді. Бүгінде Ернардың "Тым болмаса", "Жарай ма", "Сонда да сүйем", "Ботагөзім" сияқты көптеген әндері тыңдармандарының көңілінен шығып, хит әнге айналған. Ернар қазір бойдақ, өзіне өмірлік жар боларлық, көркіне ақылы сай қыз іздеп жүрген көрінеді.

©aynaline.kz

Жандарбек Бұлғақов - айтыскер ақын. Ол 1991 жыллдың 25 сәуірінде дүниеге келген. Жандарбектің әкесі Айтақын Бұлғақов та - белгілі айтыскер ақын. Ананың сүтімен, әкенің қанымен бойына ақындық дарыған Жандарбек жастайынан аламан айтыстарға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Ол от ауызды, орақ тілді ақындармен айтысып, өзінің ұшқыр ойымен, ұтымды ұйқастарымен талайдың алдын орады. Жандарбек - "Алтын домбыра" жүлдесінің иегері.

©vk.com

Әли Оқапов - әнші, биші. Ол 1991 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Әли - Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен белгілі музыкант Тасқын Оқаповтың баласы. Ол бүгінде өнердегі өз шыңын бағындыруға талпынып жүр. Әли - кәсіби музыкант, фортепиано сыныбында 7 жыл оқыған. Оның "Биле" атты әні хит болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети