07 наурыз 2017 09:32

Қазнет "КешYou" тобының экс-солисі мен Дәурен Айдарқұловты қайтадан талқыға салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет "КешYou" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағанбет пен КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұловты қайтадан талқыға салды. Оған әншінің Instagram желісіндегі парақшасында пайда болған суреттер себеп болған. Суретте Ақбота Сейтмағанбет пен Дәурен Айдарқұловтың болуы қолданушылардың күдігін туғызып отыр. 

Бірінші сурет Түркістанда түсірілсе, екіншісінде Сейітмағанбет басына ақ орамал жауып отыр. Ал үшінші суретте жұп ата-аналарымен тамақтанып отыр. 

Суреттер әлеуметтік желілерде таралып, қолданушылар жағымсыз пікір қалдыра бастады. Біреулер "ештеңеге қарамастан бақытты болуды" тілесе, өзгелері Ақбота сәби күтіп жүр деген болжамдарын айтып қалды. 

Айтпақшы, "әртістер өздеріне жарнама жасап жатыр" дейтіндер де табылды. Ал суреттің сипаттамасында Ақбота екіұшты пікір жазды. "Бар шындықты білмей, қорлай бастады, енді тынышталасыздар ма? Уақыты келгенде белгілі болады", - деп жазды ол.  

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети