06 сәуір 2016 11:14

"Келіннің" сүйіктісіне қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© india.com © india.com

"Келін" телесериялының жұлдызы Пратюша Банерджидің суицид жасауы туралы істе полиция оның сүйіктісі, телевизиялық продюсер Рахул Сингхке қатысты суицидке итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды India Today


"Келін" телесериялының жұлдызы Пратюша Банерджидің суицид жасауы туралы істе полиция оның сүйіктісі, телевизиялық продюсер Рахул Сингхке қатысты суицидке итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды India Today

Істі Мумбай полициясы тергеп жатыр. Сингханың суицидке итермелеу бойынша күдікке ілінгені хабарланып отыр. Полиция "актрисаның жан тыныштығын бұзу мақсатында зақым келтірді, қорлады және қорқытты" деген айып тағуға ниетті. Құқық қорғау органдарында Банерджидің жігітінің кінәсін дәлелдейтін мәліметтердің жеткілікті екені де айтылады. Ал актрисаның шешесі мен 10 досы Сингхке қарсы көрсетпе берген.

Продюсер ауруханадан шығарылғаннан кейін бірден қамауға алынуы мүмкін. Айта кетейік, ол 14 сағат бойы жауап алудан кейін хал-күйі нашарлап, аураханаға түскен еді. Ол кеуде тұсының ауырғанын айтқан. Сингхтің адвокаттары оның ауыр жағдайда екенін және полицияның сұрақтарына жауап бере алмайтынын мәлімдеді, олар продюсердің қамауға алынбауын сұрап отыр.

Еске салайық, Пратюша Банерджи 1 сәуірде (Pratyusha Banerjee) өз үйінде өлі күйінде табылған еді. Кейін жергілікті басылымдар Үндістанның басты "келінінің" суицид жасауының негізгі нұсқаларын атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети