19 қаңтар 2015 22:04

"КешYou" тобынан екі әнші кетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КешYou" тобы: Кәмшат Жолдыбаева, Жұлдыз Өмірғали және Айдана Меденова "КешYou" тобы: Кәмшат Жолдыбаева, Жұлдыз Өмірғали және Айдана Меденова

Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева қазақстандық танымал "КешYou" тобынан кетіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне герлз-бэндтің продюсері Баян Есентаева хабарлады.


Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева қазақстандық танымал "КешYou" тобынан кетіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне герлз-бэндтің продюсері Баян Есентаева хабарлады.

Есентаеваның айтуынша, Айдана Меденова таяуда тұрмысқа шығады, ал Кәмшат Жолдыбаева жеке ән айтатын болды. "Айдана мен Кәмшаттың бес жылдық келісімшарты бітті. Құрамды өзгерту керек екенін түсінген кезде бұл заңды, себебі герлз-бэнд бұл - жаңа есімдердің шығуы. (...) Кәмшат "КешYou" тобының продюсерлік орталығында қалады, біз қазір оған репертуар дайындап жатырмыз, таяуда бейнебаян түсіреміз", - деді Есентаева. 

"КешYou" тобының жаңа құрамы Алматыда 22 наурызда өтетін "Қазақ аруы-2015" конкурсы кезінде ресми түрде таныстырылады. "Біз жаңа құрамды құрып қойдық. Олардың атын атағым келмейді, себебі олар өте жас, дайын емес. Біз қазір елдегі №1 топтың позициясын да, статусын да түсіріп алмау үшін дайындалып жатырмыз", - деді продюсер.

Айта кетейік, Жанар Доғалова "КешYou" тобынан кетіп, жеке орындаушы болған еді. Оның орнына Мөлдір Әуелбекова келіп, екі аптадан кейін денсаулығына байланысты ұжымнан қайта кетті. Оның орнын Жұлдыз Өмірғали басты. Жұлдызға бірнеше аптаның ішінде топтың репертуарын жаттауға, сонымен қатар хореографияны меңгеріп алуға тура келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети