27 шілде 2017 17:51

"КешYou" тобының экс-солисі Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерді жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КешYOU" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерді жоққа шығарды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.


"КешYOU" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерді жоққа шығарды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.

"Мен күйеуім балаларымен бірге деп айттым", - деп түсіндіріп өтті әнші. - Халық мұны дұрыс түсінбей қалды. Құдайға шүкір, біз бақыттымыз, сәбиіміз бар. Ол балаларына барып тұрады".

Әншінің айтуынша, олар сәбиге Ибрагим деген есім берді. 

"Сәбиді дүниеге әкелген соң қайта шығармашылыққа оралуды шештім. Күйеуім көмектесіп жатыр. Жаңа әндер жазып жатырмыз. Күзде екі клип жарыққа шығады. Қазір менің продюсерім жоқ", - дейді Ақбота Сейітмағамбет

Сондай-ақ, ол топтан кеткен кезде неліктен Бағым Мұхитденовамен және Баян Есентаевамен қоштаспай кеткенін түсіндіріп өтті.

"Мен "КешYOU" тобынан кеткен соң бірден ауруханаға түсіп қалдым. Сол себепті Бағым Мақсатқызы мен Баян Мақсатқызына алғыс айтып кетуге де үлгермедім. "КешYOU" -дың шығармашылығын қарап жүремін. Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызын қатты құрметтеймін", - деді әнші.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ұл босанғаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялаған еді. Оның Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжап отыр. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.


Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. © instagram.com/daurenaidarkulov

Ал былтыр желтоқсан айынан бастап Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ, осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети