24 наурыз 2016 11:44

Ким Кардашьянның сіңлісі қазақстандық сарбаздармен әңгімелесе алмағаны жайлы оқиға айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кендалл Дженнер. © REUTERS Кендалл Дженнер. © REUTERS

Реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьянның сіңлісі қазақстандық сарбаздармен әңгімелесе алмағаны жайлы оқиға айтып берді. Бұл туралы Кендалл Дженнер Vogue басылымына берген сұхбатында әңгімеледі. 


Реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьянның сіңлісі қазақстандық сарбаздармен әңгімелесе алмағаны жайлы оқиға айтып берді. Бұл туралы Кендалл Дженнер Vogue басылымына берген сұхбатында әңгімеледі. 

Қыздың айтуынша, оқиға Calvin Klein маркасының жарнама кампаниясына қатысып жатқаны кезінде болған. Жұмыс бабымен Дженнер Түркиядан Қытайға жол жүруі керек болады. Жолда ұшақ Қазақстанда қонған. Модельдің айтуынша, ол ұшақ жерге қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында сарбаздарды көрген. Сарбаздар әскери ұшаққа отырып жатыпты. Ол сарбаздарға жақындап, әңгімелескісі келген. Бірақ өзі ұшып келген ұшақтың пилоттары Дженнерді тоқтатып, сарбаздардың атып тастауы мүмкін екенін ескертіпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети