07 қаңтар 2018 11:46

Киркоров өзін сотқа бермекші болған әйелдің түсірген видеосына қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет Әлеуметтік желіден алынған сурет

Ресейлік әнші Филипп Киркоров Майамиде тыңдарманы соңынан еріп жүріп түсірген видеожазбаға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды РенТВ.


Ресейлік әнші Филипп Киркоров Майамиде тыңдарманы соңынан еріп жүріп түсірген видеожазбаға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды РенТВ.

"Ресей эстрадасы королінің" айтуынша, оның артынан табынушылары үнемі "қуып" жүреді.

"Маған көшедегі елдер күнде жабысады... Мен демалыста болдым. Жабысып қоймады. Бірдеңе керек екен. Мені бірдеңемен мазалау қазір өте қиын. Мен бәріне үйреніп кеттім", - деді Киркоров.

Әншінің айтуынша, соңынан ерген әйелдің есі дұрыс болмауы мүмкін.

"Мен не істей аламын? Мән бермегендей сыңай ғана таныта аламын", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Филипп Киркоровтың табынушысы ресейлік эстрада королінің оны Майамидағы дүкендердің бірінде қолтаңба сұрағаны үшін көпшіліктің алдында қорлағанын айтқан болатын. Әншіні әйел видеоға түсіріп алып, сотқа беретінін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети