06 маусым 2016 08:11

Көлікпен қашып, атыс ұйымдастырғандар туралы видео сериалдың жарнама ролигі - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған видеоның кадрлары Әлеуметтік желілерден алынған видеоның кадрлары

Көлікпен қашып, атыс ұйымдастырғандар туралы видео сериалдың жарнама ролигі. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады.


Көлікпен қашып, атыс ұйымдастырғандар туралы видео сериалдың жарнама ролигі. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады.

"Биыл мамырдың басында Ақтауда "Спецназ" және "Арлан" деген жұмыс атауымен сериалдың түсірілім жұмыстары басталған. Түсірілім барысында қала көшелерінде арнайы эффектілер қолданылған. Бұл мәлімет өңірлік басылымдардың сайтында, сонымен қатар биыл 4-5 мамырда жарияланды. Көшеде қарулы адамдардың көлікпен жүріп, атысқаны жайлы видео әлеуметтік желілерге жарнама мақсатында жүктелген", - деп мәлімдеді Сәдубаев.

Айта кетейік, жас жігіттердің полицейлерді ата бастайтынын айтып, көлік үстінен оқ ата бастайтыны көрінген видеороликті қазақстандықтар түрлі мессенджерлер арқылы таратып, оны Ақтөбедегі атыстармен байланыстырып жатыр. Алайда ІІМ өкілдері бұл екі видеоның сериалдың жарнама ролигі екенін атап айтты.

Осы жарнама роликтерінің кадрлары Ақтөбедегі атыс жайлы хабар таратқан ресейлік телеарналардың сюжетінде қолданылып үлгерген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети