КВН ойыншысы Құмар Лұқмановтың төртінші баласы дүниеге келді 06 қаңтар 2016, 13:23

"Астана.KZ" және "Казахи" командаларының мүшесі Құмар Лұқманов төртінші рет әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
36 жастағы Құмар мен оның жұбайы Гузельдің төртінші ұлы өмірге келді.
Айта кетейік, КВН-нен кейін Құмар ұйымдастырушы әрі түрлі шараның жүргізушісі болды. Сонымен қатар, қазақстандық телеарналарда бірнеше бағдарламаны жүргізді.