06 сәуір 2015 08:19

Мадонна Instagram желісінің "екіжүзділігіне тойды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gazeta.ru ©Gazeta.ru

Әнші Мадонна әйелдің төсін көрсетуге тыйым салған Instagram желісін сынады. Ол әлеуметтік желіде төсі "цензура" белгісімен жабылған ашық денесін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Мадонна әйелдің төсін көрсетуге тыйым салған Instagram желісін сынады. Ол әлеуметтік желіде төсі "цензура" белгісімен жабылған ашық денесін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Неліктен төсті емес, жамбасты көрсету қалыпты саналады? Әлеуметтік желілердің екіжүзділігіне тойдым", - деп жазды Мадонна суретінің сипаттамасында. Әнші суретті #artforfreedom (Өнер бостандық үшін ), #rebelheart (тынымсыз жүрек) хештегтерін жазды. 

Жаңалық жазылып жатқан тұста 56 жастағы әртістің суреті 80 мыңнан астам "Ұнату" жинады, 2530 пікір жазылды. Айта кетейік, Мадоннаның суреттері орташа 30-80 мың арасында "ұнату" жинайды.

Еске салайық, 2013 жылдың басында Instagram желісінің басшылығы Мадоннаға киімсіз түскен суреттерді жариялағаны үшін ескерту жасаған болатын. Мадонна бұл ескертуді ашық жамбасы көрінген суреті үшін алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети