02 шілде 2017 18:00

NINETY ONE тобының "көшірмесі" құрт жайлы бейнебаян түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы NINETY ONE тобына әзіл пародия жасап, танылған NINETY NINE тобы бұл жолы құрт жайлы бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл экспериментал топ "Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының аясында құрылған болатын.


Атышулы NINETY ONE тобына әзіл пародия жасап, танылған NINETY NINE тобы бұл жолы құрт жайлы бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл экспериментал топ "Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының аясында құрылған болатын.

"Қызық TIMES" бағдарламасының жүргізушісі Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің айтуынша, "бір шариктері жетіспейтін тоқсан тоғыз" тобы әзiл ретiнде, пародия үшiн құрылған экспериментал топ. Ол жай ғана сахналық бейне. Ал шын мәніне келсек, топ құрамында бағдарлама авторлары мен сценаристері бар. Олар Рауан, Бауыржан, Еділ, Абзал және Рамис есімді өнерпаздар.

Топ MONATIK лақапатымен танылған украиналық әнші Дмитрий Монатиктің 2016 жылы хит болған "Кружит" деген әніне кавер орындайды. Түпнұсқа бейнебаян осы уақытқа дейін 47 миллионға жуық қаралым жинаған. Ал әзіл нұсқада әннің сөзі өзгерген. Әзіл композицияда топ мүшелері ауыл қыздарының құрттің түр-түрін жасайтыны жайлы айтады. "Құрт же, кәмпитті не қыласың, тісіңді құртасың" деп әзілдейді олар.

"Бағдарламада пародиялар жиі түсіріледі, мұнда MONATIKке пародия. Ұлттық өнімдерімізге қатысты әзіл видео. Осындай көңілді формада ұлттық өнімімізді жарнамалағымыз келді. Әнмен осы өнімге деген махаббатымызды осылай көрсетуді ұйғардық", - дейді Оралғазин.

Айта кетейік, бұған дейін бағдарлама белгілі композитор Арман Дүйсеновті отандық эстрададағы көшірме әндермен таңғалдырған еді. 

Қонаққа шақырылған Арман Дүйсеновпен бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек "Әуенді тап" ойынын өткізеді. Ойынның шарты бойынша, қонақ ойнатылған әуеннің орындаушысын немесе әннің атауын табуы тиіс болады. Алайда, қазақ эстрадасында орындалып жүрген белгілі әндердің авторы немесе орындаушысы шетелдіктер болып шығады да, композитор елімізде хитке айналған әндердің төл туынды болмағанына таңғалысын жасырмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети