09 қаңтар 2017 15:50

Pen-Pineapple-Apple-Pen хитінің авторы жаңа ән шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Piko Taro ретінде танымал Жапонияның комедиялық актері және әншісі Казухито Косака Pen-Pineapple-Apple-Pen (PPAP) стилінде жаңа әнін жариялады. Оның арнасындағы видео екі миллион рет қаралып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

I like OJ атты жаңа клипінде сол баяғы кейпінде - ашық-жарқын түсті халат киіп, көзілдірік тағып алған. Видеоның ұзақтығы біржарым минуттай. Осы уақыт бойы Piko Taro апельсин шырынына деген махаббаты туралы ән салады. 

Желі пайдаланушылары жаңа әннің Pen-Pineapple-Apple-Pen сияқты "мағынасыз да тартымды" екендігін айтады. 

Айта кетейік, мұның алдындағы Pen-Pineapple-Apple-Pen хиті YouTube видеохостингінде 100 миллион рет қаралған және оны артынан еліктеп қайталағандар көп болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети