30 мамыр 2016 17:02

Полицейлер "атыстың" арқасында жарнама жасаған МС Сайлаубектен жауап алу сәтінің видеосын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

МС Сайлаубектен жауап алу сәті МС Сайлаубектен жауап алу сәті

Алматы полициясы рэпер Сайлаубектің қатысуымен болған делінген оқиғаның ойдан шығарылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Алматы полициясы рэпер Сайлаубектің қатысуымен болған делінген оқиғаның ойдан шығарылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

ІІД жедел бөлімшесінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтау бойынша шаралардың нәтижесінде Сайлаубек пен оның продюсерін іздеп тауып, жауап алды. Олар атыс болды делінген видеоның өткен жылдың желтоқсанында түсірілген бейнебаянның үзіндісі екенін түсіндірген. Өз кезегінде орындаушының продюсері желіге жалған ақпарат таратудың мақсаты деп PR-қадамды атаған, осыған байланысты ол бірқатар ақпарат құралына видеоның фейк екенін хабарлаған.

"Қазіргі уақытта жалған мәлімет таратқан азаматтарды жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр", - деді Салтанат Әзірбек 

Айта кетейік, ІІД баспассөз қызметінің өкілдері МС Сайлаубектен жауап алу сәтінің видеосын таратты. Енді музыканттар жалған мәлімет таратқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети