06 ақпан 2018 17:36

Сәкен Майғазиев жары төртінші перзентіне аяғы ауыр екенін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/saken_maigaziyev © instagram.com/saken_maigaziyev

Қазақстандық белгілі әнші Сәкен Майғазиев әйелі Динара Асылханқызының жүкті екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық белгілі әнші Сәкен Майғазиев әйелі Динара Асылханқызының жүкті екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісінде жазды. Оның айтуынша, бастапқыда бұл жаңалықты ешкімге айтпай, жасырып жүріпті. "АЛЛА - ұлық! Жаратушымен жарысып ештеңе айта алмаймыз. РАББЫМ ұл берсе де, қыз берсе де иманды, саналы, салиx ұрпақ нәсіп еткей. Жасырып-ақ жүргем. Нұржантай @nurzhan_atash бауырым сұxбат барысында ҚАЗАҚ xалқынан сүйінші сұрап қойды. Негізі қыз күтіп жүр едік. АЛЛА тағала Әділетіме бауыр да бұйырта берсін", - деп жазды әнші.

Майғазиевтің отбасында үш бала бар. Олардың есімдері Әділет, Райана, Мәриям. Әншінің кенже қызы 2016 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети