23 маусым 2014 20:46

Стинг балаларына мұра қалдырғысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Британдық әнші Стинг өз балаларына миллиондаған мұрасын тастағысы келмейтінін мәлімдеді, - деп жазады Daily Mail басылымы.


Британдық әнші Стинг өз балаларына миллиондаған мұрасын тастағысы келмейтінін мәлімдеді, - деп жазады Daily Mail басылымы.

Ұлыбританияның ең ауқатты музыканты өз сұхбатында 306 миллион доллар мұрасын алты баласына бөліп беруді өзіне ауыр жүк көретінін айтты.

Стинг сондай-ақ сенімгерлік беруге де аса құлқы жоқ екенін қоса мәлімдеді. "Мен балаларыма көп ақша қалмайтынын, сенімгерлік беруді қаламайтынымды жеткіздім" - дейді әнші.

Ол сондай-ақ "менің балаларым менен анда-санда ғана көмек сұрайды, мен олардың бұл қасиетін өте жоғары бағалаймын" - деді.

Айта кету керек, әншінің нақты есімі Стинг - Гордон Мэтью Томас Самнер. Ол 1976-1984 жылы британдық The Police тобының құрамында болған. Сондай-ақ, түрлі фильмдерде басты рөлдерді сомдады. Оның ең танымал рөлі Гая Ричи картинасындағы "Карта, ақша, екі дің" фильміндегі  бейнесі болды. Ол бразилиялық торпикалық ормандарға саяхатынан кейін табиғат қорғаушысы болуды жөн санап әйелімен бірге тропикалық ормандарды қорғау қорын құрды. Әншінің бірінші некеден екі баласы, ал екіншісінен төрт баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети