03 желтоқсан 2014 21:17

СТВ телеарнасы "Магия кухни" аспаздық шоуын іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © RTX © RTX

СТВ телеарнасы "Магия кухни" аспаздық шоуын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бағдарламадан қазақстандықтар есімі көпшілікке мәлім жұлдыздармен бірге 40 минут ішінде әлемге танымал тағам түрлерін дайындауды үйренеді.


СТВ телеарнасы "Магия кухни" аспаздық шоуын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бағдарламадан қазақстандықтар есімі көпшілікке мәлім жұлдыздармен бірге 40 минут ішінде әлемге танымал тағам түрлерін дайындауды үйренеді.

Жаңа жобаға қатысушылардың сөзіне қарағанда, "Магия кухни" бағдарламасы көптеген аспаздық шоулардан ерекше. Басты ерекшелік көрермендер ол бағдарламаның әр санында сан түрлі тағамдарды дайындаудың құпияларын біліп отыратын болады. Онда бағдарлама жүргізушісі мен оған қатысушы қонақтан бөлек, кәсіби аспаз қатар қатысып, аспаздық өнер құпиясының қыр-сырымен таныстырады.

Аспаз қалпағын белгілі әртістерден бөлек басқа да сала мамандарының киюіне мүмкіндігі бар. Мәселен, "Магия кухни" бағдарламасының біріне ресейлік ТНТ телеарнасының эфирінен шыққан "Битва экстрасенсов" хабарының финалисі, экстрасенс Бақыт Жұматова да қатысты. Айта кетер жайт, хабардың жүргізушілері ауысып тұрады.

"Магия кухни" бағдарламасы барысында деңгейі аса жоғары аспаздар ас дайындаудың сан түрлі құпиясын ашып беріп отырады. Онда біз тағам әзірлеуден бөлек, қалай тамақтану керектігін, сондай-ақ дастарқанды безендіру тәсілдерінен хабардар етеміз. Сондықтан біздің хабарды әйелдерді айтпағанда, ер адамдар мен балалардың да тамашалайтынына сенімдіміз", - деді СТВ эфирінен шыққан жаңа бағдарламаның жүргізушісі Диана Снегина.

Ал "Магия кухни" бағдарламасының екінші жүргізушісі Мұрат Мұтырғановтың пікірінше, бұл жобаға қатысу шығармашылық жағынан өсуден бұрын, жеке өміріне де айтарлықтай пайдасы тимек. "Мәселен мен Қазақстандағы барлық аспаздық шоуларға қатыстым десем артық айтқаным емес. Алайда жүргізуші ретінде алғаш рет қатысып отырмын. Және бұл іс маған қатты ұнайды. Түсірілім аяқталғаннан кейін үйге орала салысымен кәсіби аспаздан үйренген тағамымды әйеліме әзірлеп беріп отырамын", - деді Мұтырғанов.

"Магия кухни" аспаздық шоуы СТВ телеарнасы эфирінен әр жұмыс күні кешкі сағат 19.00-де көрсетіледі. Жаңа жобаға Әсел Сәдуақасова, Құралай Нұрқаділова, Даут Шайхисламов, Санжар Мәдиев пен Нұрлан Абдуллин секілді танымал жұлдыздар қатысып үлгерген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети