17 сәуір 2016 12:02

"Танцы" жобасының түсірілімі жанжалмен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/tnt_online © instagram.com/tnt_online

ТНТ телеарнасындағы танымал "Танцы. Битва сезонов" жобасының жаңа шығарылымының түсірілімі жанжалмен аяқталды. Шоу жүргізушілерінің бірі - Егор Дружинин - көрермен дауысының нәтижесімен келіспей, командасын алып, бағдарламадан кетіп қалды. Тәлімгердің бұл қылығын бағдарламаның сенбі күнгі шығарылымынан көруге болады.

Биді жаны сүйетін көрерменнің енді бұл шоуды көре алмауы мүмкін. Cosmo.ru мәліметінше, түсірілім тобы Дружининді райынан қайтара алмаған.

"Қазір өзге тәлімгерлермен және қатысушылармен белсенді түрде келіссөздер жүріп жатыр, алайда нақты шешім қабылданған жоқ. Шоудың жалғасының өзі белгісіз болып тұр: көрермендердің дауыс беруі де тоқтатылды", - деп хабарлады портал.

"Дауыс берудің тек көрермендерге байланысты болуы мен оның лотореяға айналуы, жобаның қазіргі жағдайы мен тәлімгерлердің еріксіз осындай жағдайда тап болуы менің енді бұл жобаға қатысуымның еш мәнінің жоқ екенін білдіреді", - деп келтірді Life News хореографтың сөзін.

Жоба көрермендерінің кейбірі рейтингті көтеру мақсатында бұл жанжал әдейі ұйымдастырылуы мүмкін деп ойлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети