12 желтоқсан 2014 17:53

Танымал хит қазақ әріптері туралы әнге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәуіт Шайхисламов. ©f.azh.kz Дәуіт Шайхисламов. ©f.azh.kz

Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов канадалық әнші Kiesza-ның Hideaway әнін өз мәтінімен айтып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Қазақ әріптері" аталатын бейнебаян қазақтың тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға үндейді. 


Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов канадалық әнші Kiesza-ның Hideaway әнін өз мәтінімен айтып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Қазақ әріптері" аталатын бейнебаян қазақтың тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға үндейді. 

Орындаушының өзінің айтуынша, шетелдік хитті тыңдағаннан кейін оған бірден осындай идея келген. Әннің сөзін ол 10 минутта жазып шығыпты. Кейін достарына айтып берген. Олар жаңа өнімді жоғары бағалады.

Бейнебаянды түсіруге "Большая 8осьмерка" продакшн-студиясы көмектесті. Қоюшы операторы - Қазбек Әміржанов, видеоинженері - Данияр Жаңғыбеков. Шоуменнің жаңа бейнеөніміне Funky Town би мектебінің өнерпаздары түскен. Шайхисламовтың айтуынша, бейнебаянды түсіруге небәрі бес сағат уақыт кетті. 

 

Айта кетейік, Kiesza есімді орындаушының әніне ресейлік "Боня мен Кузьмич" дуэті де пародия жасаған болатын. Видео YouTube желісінде хит болды, оны қазірдің өзінде екі миллион қолданушы көрген. Пермь қаласының бишілері Ресейдің түкпір-түкпіріндегі өмірді түгелдей көрсеткісі келді. Kiesza болса олардың пародиясын ұнатып қалды - әнші оның сілтемесін Facebook желісіндегі парақшасына бөлісіп, керемет әсер сыйлағанын жазды.

Бұған дейін Дәуіт Шайхисламов белорус әншісі Бьянкаға видеожауап қайтарған еді. Оның алдында Бьянка жаңа әнінде түрлі қалалардағы дыбыс сапасын сынаған еді. Мәселен, ән мәтінінде мына сөздер кездеседі: "Приезжаешь в Атырау - вау! Солнце село давно. Я включаю микрофон, выхожу, блин! В Атырау тоже звук - го..о".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети