02 желтоқсан 2014 09:50

Террористер Опра Уинфридің телестудиясын жарып жібермек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың танымал тележүргізушісі Опра Уинфри террористердің құрбаны бола жаздаған, лаңкестер оның Чикагодағы телестудиясын жарып жібермек болды, - деп хабарлайды Page six. Теракт 2009 жылы жасалуы керек болған. 


Американың танымал тележүргізушісі Опра Уинфри террористердің құрбаны бола жаздаған, лаңкестер оның Чикагодағы телестудиясын жарып жібермек болды, - деп хабарлайды Page six. Теракт 2009 жылы жасалуы керек болған. 

Опра Уинфридің телестудиясын жарып жіберуді АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әскери кампаниясына наразы экстремистер ойластырған. Лаңкестік әрекетке кем дегенде алты адам дайындалған. Олардың екеуі қазір жаза өтеу орындарында отыр. Бұл екеунің бірі Чикаго көшелеріне "Ислам мемлекеті" тобының туы ілінген автокөлікпен шыққан кезде ұсталған. 

Judicial Watch құқық қорғау ұйымының мәліметінше, қаскөйлер Опра Уинфридің телестудиясынан бөлек қазір Уиллис-тауэр аталатын мұнараны да жарып жібермек болған. Бұл ғимарат бір кездері АҚШ-тағы ең биік нысан болды. Террористер Чикагоға жарылғыш заттарды фургонмен әкелмек болған, бірақ полиция олардың теріс пиғылдарының жолын кесті.  

Опра Уинфри Чикагодағы телестудияда өзінің әйгілі шоуын 1990-2011 жылдар аралығында түсірді. Телехабар ABC телеарнасынан көрсетіледі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети