14 маусым 2015 20:49

Тимати MC Сайлаубекті баттлға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати. ©Youtube.com кадры Тимати. ©Youtube.com кадры

Ресейлік рэпер Тимати MC Сайлаубекті баттлға шақырды. Әнші бұл жайында Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады. 


Ресейлік рэпер Тимати MC Сайлаубекті баттлға шақырды. Әнші бұл жайында Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады. 

Видеода Ресей рэпері әлеуметтік желіде МС Сайлаубектің стилінде ән айтады. Басына шығыс елдерінің бірінің ұлттық бас киімін киген ол өзін "Қара жұлдыз" деп атап, болашақ "қарсыласына" сөз арнайды. "Бұл Қара жұлдыз, МС Сайлаубек, мен сені баттлға шақырамын", - деп айтады ол. Ақпарат жазылып жатқан сәтте ресейлік рэпердің желіде шығарған қысқа видеосына 70 мыңға таяу лайк басылып, 5 мыңнан аса пікір жазылды.

Айта кетейік, МС Сайлаубектің әнін осыған дейін тағы бір ресейлік жұлдыз, "Камызяки" КТК (КВН) командасының капитаны, "Универ" сериалының актері Азамат Мұсағалиев орындап, желіге видеосын салған болатын. 

МС Сайлаубек осы жылдың басында YouTube порталында шыққан видеодан кейін Қазнет жұлдызына айналды. Мас күйде тек өзіне түсінікті тілде рэп оқыған ер адам жайлы роликке оның тыңдармандары ғана емес, эстрада жұлдыздары да еліктей бастады. Осы уақытқа дейін рэпердің айтатын түсініксіз сөздеріне кәсіби рэперлердің өзі кавер-нұсқа жазып үлгерді. Тіпті Италия әншісі Сон Паскальмен бірігіп ән де орындады. Оның әндеріне Шымкентте флешмоб та биленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети