22 желтоқсан 2016 17:25

Төреғали Төреәлінің қайырымдылық концерттері Желі қолданушыларын тебірентті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концертте. © instagram.com/toregali_toreali_ttt Шымкент қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концертте. © instagram.com/toregali_toreali_ttt

Төреғали Төреәлі Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық концерттерін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төреғали Төреәлі Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық концерттерін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздігіміздің қарсаңында күнде бір қуаныш! Бүгін Төреш ұлдарыңыз Қызылорда қаласында "Мүмкіндігі шектеулі" жандарға арнап, тегін концерт қойып, соңынан "Ақ мешіт" мейрамханасында "Ақ дастарханын" жайып қонақ етті! Үлкен-кішілердің ақ батасы мен алғысын алып, соңынан өзі де "Медальмен" марапатталды! Сыр елі, таланттарын тасада қалдырмайтын жыр елі! Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Жасалып жатқан еңбек пен ерлік...!!!", - деп жазылған Төреғалидің фан-парақшасында.

Әншінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық концерттері түсірілген видео мен суреттер әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Желі қолданушылары Төреғали Төреәліге ризашылық білдіріп, "Құтты болсын игі істер жалғасын тапсын! Ақ жол!", "Рақмет саған осындай халықты суйгеніне, адамгершілігіне", "Алла разы болсын. Бала көңілді бүлдіршіндерді қуантып тастадыңыз. Балалық шақтың қуанышы ұзыннан болғай", "Құтты болсын. Өз қамын емес, халыктың қамын ойлайтын қыз-жігіттеріміз көп болсын. Рақмет сізге. Алладан кайтады" деп жазып жатыр.

Жарияланған видеолардың бірінде "Бүгін Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға біздің АқТөреш қайырымдылық концертін өткізіп, дастархан жайды. Халық та өте қуанышты. Төке аман болыңыз, жасай беріңіз" делінген. 

Сондай-ақ, Шымкент қаласында "Алло" әнінің шырқалған сәті түсірілген видео да жарияланды.

Әншінің Instagram желісіндегі фан-парақшасында жарияланған келесі бір видеода "Маxаббатарыңыз ескірмесін. Бүгінгі күн ерекше күн Шырайлы Шымкент қаласында "Мүмкіндігі шектеулі" жандарға арналған мерекелік концертте" деп жазылған. Видеодан Төреғали Төреәлінің мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге ән айтып жатқанын көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети