Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы отбасылық өмірі жайлы айтып берді

29 Сәуір 2016, 11:03
1
© Instagram
© Instagram

Қазақстанның белгілі шоумені Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы "Наш Костанай" газетіне берген сұхбатында отбасылық өмірі жайлы және жұбайының жүрегін қалай жаулап алғанын айтып берді. 

Жұбайы Мөлдір Тұрсынбекпен студенттік іс-шара кезінде танысқанын еске алды. 2000 жылы ол да, Мөлдір де Астанаға келіпті. Оралдық дарынды жасты елордалық филармониядағылар жұмысқа шақырған екен. Ал бос уақытында ол Мөлдір білім алып жүрген аграрлық университеттің көңілді тапқырлар клубының командасын басқарып жүріпті. 

Конгресс-холлда университет концерті өтіп жатады. Мөлдір домбырамен оркестрде жеңімпаз болады, ал Тұрсынбек өз шәкірттеріне көмектеседі. Сол уақытта Тұрсынбек ару қызды байқап қалады.  

Олар бір жарым жыл бойы таныс болып жүреді, бірақ екеуі де іштей бір-біріне деген сезімін сезген екен, содан кейін ғана кездесе бастайды да, бір жыл өтпестен отау құрады. 

"Әртістер сезімге берілгіш келеді. Тұрсынбек өзінің қарым-қатынасымен өзіне қаратты - ол мені жиі таңғалдырады, тосынсыйлар жасағанды ұнатады. Мен ол уақытта жатақханада тұратынмын, менімен бірге төрт қыз тұратын бөлмеміз үшінші қабатта болатын. 22.00-де жатақхана жабылып қалатын, ал Тұрсынбек терезе алдында концерттер ұйымдастыратын: тіпті үндіше әндер айтып, би биледі. Қыздардың барлығы оның өнерін көру үшін терезеге телміретін. Ол уақытта ұялы телефондар жоқ еді, кешкі уақыттарда мен терезеде тұрып, ол далада тұрып әңгімелесетінбіз", - дейді Мөлдір. 

Қазіргі уақытта Қабатовтар отбасында төрт бала бар - үшеуі қыз да, біреуі ұл. Үлкен қызы 12 жаста, ол дизайнер болғысы келеді, сурет пен тігін үйірмесіне барады. Екіншісі музыкаға әуес, фортепианода ойнап, әкесінің концерттерінің бірінде өнер көрсеткісі келеді. Ал кіші қыздары төрт жаста, ұл екі жаста. 


Қабатовтар отбасы. © top-news.kz

"Тұрсынбек екеуміз қатал ата-ана емеспіз, балаларды жақсы сөздермен, ашық әңгімемен тәрбиелеу керек деп есептейміз. Қыздарымыз әкесін жақсы көреді, тіпті құпиясын да ашады", - дейді Мөлдір. 

Мөлдір Тұрсынбектің бірінші сыншысы екенін де айтты: "Асханада шай ішіп отырғанымызда ол өз әзілдерін маған айтып отырады. Сахнадағыдай тұрады да, ойлап тапқандарын көрсетеді. Соңына дейін кедергі болмай тыңдап, соңына дейін көремін. Тіпті шаруаларым болса да, бәрін тастап, өнерін көремін. Меніңше, әрбір әйелдің мақсаты - күйеуі әртіс болса да, қызметкер болса да, пойыз машинисі немесе күзетші болса да өмірлік серігін әрдайым қолдауы керек".

Мөлдір Қостанай облысындағы Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылында дүниеге келген. 2000 жылы оқуын аяқтап, Астанадағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің экономика факультетіне оқуға түседі.  

Қыздың әке-шешесі ерте қайтыс болыпты. Әкесі 58 жаста, ал шешесі 45 жаста бақилық болған екен. Олардың отбасында алты бала болған. "Біздің бос уақытымыз болмады, сабақтан кейін домбыра, хор, би үйірмелеріне асығатынбыз", - деп еске алады Мөлдір балалық шағын. - Әрбір бала қосымша үш сабаққа баратын. Үйімізде әрқашан музыкалық аспаптар болды. 8-сыныпта оқып жүргенімде Мұқановтар отбасылық ансамблінде өнер көрсеттік, туған ауылымызда концерттер ұйымдастыратынбыз".


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай