16 шілде 2014 20:52

Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас анасымен. Сурет massaget.kz сайтынан алынған Қайрат Нұртас анасымен. Сурет massaget.kz сайтынан алынған

MC KZ музыкалық телеарнасының басшылығы көрермендерден, Қайрат Нұртас пен оның анасы Гулзира Айдарбековадан болмай қалған концерт үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Телеарнаның ашылуына арналған концертте ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты танымал бейне ретінде пайдаланған. Ал ұйымдастырушылар көрермендердің билетке жұмсалған ақшан қайтаратыны не қайтармайтыны қазірге белгісіз.


MC KZ музыкалық телеарнасының басшылығы көрермендерден, Қайрат Нұртас пен оның анасы Гулзира Айдарбековадан болмай қалған концерт үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Телеарнаның ашылуына арналған концертте ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты танымал бейне ретінде пайдаланған. Ал ұйымдастырушылар көрермендердің билетке жұмсалған ақшан қайтаратыны не қайтармайтыны қазірге белгісіз.

Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар соңғы сәтті шараның өтетін орынын Балуан Шолақ сарайынан қарапайым мейрамханаға алмастырған. Бұл өз кезегінде Қайраттың таланытына табынушылардың ызасын туғызған. Тіпті бұл жағдай көрермендерге ескертілмеген. Көрермендер белгіленген уақытта Балуан Шолақ сарайына келген. Алайда олар сарай есігіндегі шаранының басқа жерге ауыстырылғаны туралы хабарламаға тап болған.

Кейіннен белгілі болғандай, ұйымдастырушылар билетті толық сата алмаған. Сондықтан концертті мейрамханада өткізуді ұйғарған. Алайда жиналған жұрт мейрамханаға сыймай қалған. Өйткені мейрамхана залы 300 адамға шақталған, ал жиналғандар 700 адам болған. Алайда сол сәтте продюсерлер де, көрермендер де ұйымдастырушыларды таба алмай қалған. Әнші Лаура Бекболатқызының арт-директорының айтуына қарағанда, залға кіре алмаған көрермендерге Қайрат Нұртас өз қалтасынан билет құнын қайтарған. Десе де көрермендер полицияға шығымданған. Қазіргі таңда алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғау қарастырылуда.

Қазақстанның байланыс және ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, MC KZ музыкалық телеарнасы "Kz Stile" ЖШС-іне тиесілі. Канал 2014 жылы 18 ақпанда тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Қайрат Нұртастың бірінші рет дауға шатылуы емес. Өткен жылы фанаттар ол ән салуын тоқтатқан соң "Прайм Плаза" сауда-ойын сауық орталығын қиратқан болатын. Сол кезде 90 адам зардап шеккен еді. Қиратушылардың арасындағы өте белсенділері сот алдында жауап берді. Сот олардың жетеуін екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети