12 тамыз 2020 16:23

Наразылық шараларына қарамастан "Астана" Беларуське ұшуға дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ФК "Астана" Фото: ФК "Астана"

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін "Астана" футбол клубы Брестке ұшуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін "Астана" футбол клубы Брестке ұшуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" - "Динамо-Брест" арасындағы матч 18 тамызда өтеді. Алайда қазіргі таңда Беларусь қалаларында президент сайлауының нәтижесіне көңілі толмағандар наразылық акциясына шығып жатыр.

УЕФА-ның медицина протоколы бойынша кездесуге дейін команданың футболшылары ПЦР-тест тапсыруы керек.
 
"Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестіні ертең немесе оның арғы күні (13-14 тамыз) тапсырамыз", - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

18 тамызда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" клубы беларусьтің "Динамо-Брест" командасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткен команда 25 немесе 26 тамызда "Коннас Ки" (Уэльс) - "Сараево" (Босния и Герцеговина) кездесуіндегі жеңімпаз клубына қарсы ойнайды.

Егер бұл ойындарда "Астана" жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтеді. Ал жеңілген жағдайда Еуропа Лигасының екінші кезеңінде бағын сынайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети