19 желтоқсан 2014 10:03

2014 жылы Интернетті дүр сілкінткен жануарлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

RG.ru басылымы өтіп бара жатқан жылы Интернетті дүр сілкінткен жануарларды еске алды. Хайуандардың бірі ерекше кейпімен таңғалдырса, енді бірі өжеттігімен көзге түскен болатын. 


RG.ru басылымы өтіп бара жатқан жылы Интернетті дүр сілкінткен жануарларды еске алды. Хайуандардың бірі ерекше кейпімен таңғалдырса, енді бірі өжеттігімен көзге түскен болатын. 

Өткен мамыр айында Америкада бір мысық баланы қабаған иттен құтқарып қалды. Мысық баланың өмірін сақтау үшін айбарлы итке шап беріп, оны ары қарай қашырып жіберді. 

Шаңсорғыштан қорықпайтын мысық та ерліктің өзіндік үлгісін көрсеткен еді. Қожайынының мұндай батыл мысықты қалай тәрбиелегені беймәлім күйде қалды. 

YouTube желісінде "өрмекші-ит" те рейтингтің алдын бермеді. Сильвестр Варденг есімді азамат итін алып өрмекші етіп киіндірді. Ол ит жүретін жерлерге өрмекшінің жасанды торларын іліп, оларға адамның "денелерін" орналастырды. Өзі мұның бәрін жасырын камераларға түсіріп, әзілге қарық болды. 

Нижний Новгородтағы әскери құтқарған мысық та Интернеттегі танымал жануарға айналды. Көпқабатты үй аулаларының бірінде мысық ағаштың ұшар басына шығып кетті, оны құтқарамын деген сарбаз ауқымды операцияны қолға алды. Алдымен мұз боп қатқан су толы бөтелкені лақтырамын деп, терезені сындырды, соңында 20 метрлік ағашты кесіп, электр сымын үзді.

Қазан айында Интернетте Қытай зообақтарының біріндегі пандалар түсірілген видео хит болды. Хайуанаттар бағының қызметкері сырқаттанып қалған екі пандаға дәрі бермек болады, ал олар үзілді-кесілді қарсы. 

Қараша айында тағы бір панда ғаламдық желінің жұлдызы болды, бұл жолғы хайуан - канадалық.

Тамыз айында YouTube-те Байқал көліндегі Ольхон аралында түсірілген семіз сарышұнақ пайда болды. Кеміргіш өзі қазған інге өзі сыймай қалған. Автокөлікпен кетіп бара жатқан саяхатшылар сарышұнаққа көмектесті. 

Австралияда тұратын мопс шұңғылшада жуынып, көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Құстардың арасынан YouTube желісінде әдемі жымия білетін үкі жұлдыз атанды. 

Ал мына мысықтың өнері тіпті ерекше. Ол көзін бір нүктеге қадап алып, қатып қала біледі. Оның назары бірнәрсеге ауған кезде селт етуі қиын. 

Мына бейнеролик Африкада түсірілді. Одан піл баласының өзіне шабуылдаған 14 арыстаннан қалай құтылғанын көруге болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети