25 ақпан 2019 | 10:20

39 жылын түрмеде өткізген америкалық ақталып, 21 миллион доллар алатын болды

© Fox News

Калифорния тұрғыны Крейг Коли (Craig Coley) түрмеде өткізген 39 жылының өтемақысы ретінде жергілікті биліктен 21 миллион доллар алатын болды, - деп хабарлайды Tjournal.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Калифорния тұрғыны Крейг Коли (Craig Coley) түрмеде өткізген 39 жылының өтемақысы ретінде жергілікті биліктен 21 миллион доллар алатын болды, - деп хабарлайды Tjournal.

1978 жылы Коли бір әйел мен оның төрт жастағы ұлын өлтірді деп айыпталған. Айыптаушы жақтың басты куәгері қаза тапқан әйелдің көршісі болған. Ол Колидің автокөлігін әйелдің үйінің маңынан көргенін айтқан. Ал тағы бір көршісі қайтыс болған әйелдің пәтерінен шу естігенін мәлім еткен.

Реклама
Реклама

Ұзақ жылдардан кейін тергеушілер Крейг Колидің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар тапты. Қайтыс болған әйелдің төсегінен басқа ер адамның шәуеті мен тері бөлшегін анықтаған. Төрт жасар баланың киімінен де Колидің ДНҚ-сы табылған жоқ.

2017 жылдың қарашасында Крейг 70 жасында бостандыққа шықты. Губернатор Джерри Браунның айтуынша, қала оған 21 миллион доллардың 4,9-ын ғана төлейді, ал қалған қаржы басқа жерлерден түседі, оның ішінде сақтандыру төлемі де бар.

Калифорния басшылығының мәлімдесінде өткен ғасырда жасалған қателіктің орнын ешқандай ақша жуып-шая алмайтыны айтылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная