5 жасар "казанова" көңілін білдірген бейнежазба YouTube хитіне айналдыа

27 Мамыр 2014, 09:16
0
5 жасар "казанова" көңілін білдірген бейнежазба YouTube хитіне айналдыа - YouTube сайтының кадры
YouTube сайтының кадры

"Бес жасар америкалық бір мезгілде үш қызды ұнатып, жақсы қарым-қатынаста болған. Қазір олардың қайсысын тастап кетуді білмей жүрген көрінеді. Оның көңілін білдірген бейнежазбасы YouTube хитіне айналды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru" ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Екеуімен кездесіп жүруге болады, бірақ үшеу - бұл көптеу. Мен олардың бірін тастауым керек" деп мұңаяды анасына сырын ашқан бала. "Бұл сен үшін үлкен күйзеліс пе?" деп сұрайды анасы. "Дәл солай. Мен біреуімен ажырасуым керек, бірақ дәл кіммен ажырасу керек екенін білмеймін. Олардың бәрі де өте сүйкімді" деп жауап береді бала.

"Байғұс-ау. Бес жасар болу оңай емес", - дейді күлкісін зорға тежеп отырған жас "казанованың" анасы. "Иә, мен төртте болғым келеді" дейді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай