26 қараша 2019 16:43

82 жастағы зейнеткер үйіне түскен ұрыны соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Уилли Мерфи есімді зейнеткер әйел бұрыннан бодибилдингпен айналысады екен және оның бірнеше жеңістері бар. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу сағат 23:00-де есік қаққан. Ол жедел жәрдем шақыруды сұрапты. Алайда, зейнеткер бір нәрсені сезіп, есік ашпаған. Есікті сындырып, үйге кірмекші болған бейтаныс ер адамды қария орындықпен ұрып жыққан, - деп хабарлайды КТК арнасы шетел басылымдарына сілтеме жасап. 

Осыдан кейін әжей ұрыға шампунь шашып, оны соққыға жыға бастаған. Мерфи бірден полицияға хабарласқан. Алайда, тәртіп сақшыларының көмегі қажет болмапты. Оқиға орнына барған полицейлер болған оқиғаға таңғалды. Олар тіпті әжеймен фотоға түсуге кезекке тұрған. Ал бұзақы болса ауруханаға жеткізіліпті.

Өзінің егде жасына қарамастан кейуана күн сайын 102 келі темір көтеріп, жаттығу залынан шықпайтын көрінеді. Бұған қоса ол бодибилдингтен жүлделі орындарға ие болып жүрген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети