90 жастағы еркекшоралар заңды түрде некелесті

10 Қыркүйек 2014, 09:50
0
90 жастағы еркекшоралар заңды түрде некелесті - Вивьен Бояк пен Алиса Дюбс. ©REUTERS
Вивьен Бояк пен Алиса Дюбс. ©REUTERS

Американың Дэвенпорт қаласында еркекшоралар жұбы - 91 жастағы Вивьен Бояк (Vivian Boyack) пен 90 жастағы Алиса Дюбс (Alice Dubes) ресми түрде некелесті, - деп хабарлайды DailyMail. Некелесу салтанаты христиан шіркеуінде өтті. Қариялар салтанат кезінде мүгедектер арбасында отырды.

Вивьен мен Алиса 72 жылдан бері бірге тұрады. Олар ең алғаш Йель қаласында танысқан. 1947 жылы жұп Дэвенпорт қаласына көшіп келді. Вивьен Линкольн және Грант мектептерінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. Ал Алиса 13 жыл бойы The Times and Democrat газетінде есепші болып қызмет етті. Кейін Alter Corporation кәсіпорнына ауысып, онда 25 жыл жұмыс істеді.

Ғашықтар осы уақытқа дейін АҚШ-тың 50 штатында, Канаданың барлық провинциясында болған, Англияға екі рет сапар шеккен. "Біз уақытты жақсы өткіздік", - дейді Алиса Дюбс.

Еркекшора қариялар шаңырақ құрған Айова штатында біржынысты неке 2009 жылы заңдастырылған. Әйелдердің айтуынша, ғұмырдың жаңа кезеңін қанша жаста бастасаң да кеш емес.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай