Жарнама материал

Abr HeForShe гендерлік теңдікті қолдау кампаниясына қосылды

08 Қараша 2016, 18:36
0
Abr HeForShe гендерлік теңдікті қолдау кампаниясына қосылды - Асқар Байтасов
Асқар Байтасов

Қазақстандағы abr ("Дареджани", Del Papa, "Бочонок") ірі мейрамханалар компаниясы жаһандық "БҰҰ-әйелдер" гендерлік теңдік үшін HeForShe кампаниясына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Abr компаниясы ТМД елдері арасында әйелдердің құқығын кеңейту жөнінде алғаш шешім қабылдаған компаниялардың бірі.

HeForShe компаниясы 2014 жылы құрылған болатын. Компанияның мақсаты - әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті орнату. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек, ірі корпорациялардың 4,2 пайызын ғана әйелдер басқарады екен. Оның үстіне, әйелдер ерлерге қарағанда 33 пайызға аз ақша табады.

Аbr басқарма директоры Асқар Байтасовтың айтуынша, қазіргі уақытта мейрамханалар желісінде 850 адам жұмыс істейді және олардың 80 пайызы - әйелдер. "Осы жылдың басында біз компаниямыздағы қызметкерлердің көбісі әйелдер болатыны туралы шешім қабылдаған едік. Әрбір үш топ-менеджердің - екеуі әйелдер. Яғни, бұл бизнеспен көбінесе ерлер емес, әйелдердің айналысатынын білдіреді. Бұл бізді қатты таңғалдырды. Кейіннен біз тағы бір мәліметті анықтадық: елімізде әйелдер ерлерге қарағанда аз табыс табады. Біз мұнда компаниямыздың басқа идеяны қолдайтынын айтуды жауапкершілігіміз деп түсіндік. Біз гендерлік теңдік пен құқық бірдей болуы керек деп есептейміз", - деді Асқар Байтасов.

Өз кезегінде Орталық Азиядағы "БҰҰ-әйелдер" бөлімінің басшысы Илейн Конкиевич гендерлік теңдік мәселесімен тек мемлекеттің емес, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың және жеке меншік секторлардың осымен айналысуы керек екенін айтып өтті. "Гендерлік теңдік - тек әйелдерге қатысты мәселе емес, ол ерлерге де қатысты. Сондықтан да "БҰҰ-әйелдер" құрылымы HeForShe компаниясын құрды. Біз abr өкілдерімен бірдей ойлатынымыз үшін қуанамын. Біз олардың гендерлік теңдік жайлы пікірлеріне қолдау көрсетіп, басқа да компанияларға олардан үлгі алуға кеңес береміз", - деді Илейн Конкиевич.

Айта кетейік, "БҰҰ-әйелдер" құрылымы әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жеті қағиданы ойластырды. Олардың мақсаты жұмыс орындарында, бизнес саласында және жалпы қоғамда гендерлік теңдікке көмек көрсету. Бағдарламаның негізгі элементтері - жұмыс кестесін оңтайландыру, қызметкерлердің жеке даму жоспарын құру, компаниялардағы басқарушы қызметтерде әйелдердің санын көбейту және тағы да басқалар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай