Alibaba құрылтайшысы Джек Ма Қытайдың ең бай адамы атанды

16 Мамыр 2017, 13:25
0
Alibaba құрылтайшысы Джек Ма Қытайдың ең бай адамы атанды - © shopchina.kz
© shopchina.kz

Электрондық саудамен айналысатын Alibaba ірі компаниясының құрылтайшысы Джек Ма Forbes журналы бойынша Қытайдың ең бай адамы атанды. Осылайша ол Wanda Group компаниясының басшысы Ван Цзяньлинды басып озды.

Джек Маның қаражаты - 30,9 миллиард доллар, ал Ван Цзяньлин қаражаты - 30,7 миллиард доллар. 

Басылымның мәліметінше, Джек Маның табысы Alibaba акцияларының өсуі себеп болған, биыл үш есе өскен. 

Alibaba Group компаниясын Джек Ма 1999 жылы құрған. Қазіргі уақытта ол Қытайдағы ең ірі интернет компания, негізінен олар электрондық саудамен айналысады. Осы топқа бірнеше қосалқы компаниялар кіреді: Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай