26 мамыр 2016 12:11

Apple басшысы ортағасырлық картинадан iPhone тауып алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inverse.com © inverse.com

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук Амстердамға сапармен барған кезінде Рейксмюзеум көркем өнер музейіндегі ортағасырлық голланд суретшілерінің туындыларынан таңғаларлық жаңалық ашқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол картиналардың біреуінен iPhone смартфонын көрген, - деп хабарлайды The Next Web.

"Мен осы кезге дейін iPhone смартфонының қашан және қай жерде пайда болғанын білетініме сенімді болғанмын. Бірақ Рембрандттың жұмыстарын қарағаннан кейін қатты күмәндана бастадым. Бұны көргенімде таңғалдым", - деп күле айтты Тим Кук.

Тим Кук пен ЕС Digital комиссары Нели Крус Амстердамда. © Getty Images

Басылымның мәлімдеуі бойынша, Apple басшысы айтқан картина шын мәнінде Рембрандтқа емес Питер де Хохқа тиесілі. "Залда ер кісі әйелге хат беріп жатыр" деп аталатын өнер туындысы 1670 жылы салынған.

Жақындап қарағанда ер кісі хатты ұстап тұрған бас бармағы дәл iPhone смартфонындағы Home батырмасын басып тұрғандай көрінетіндігін байқауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети